ПОДЕЛИТЬСЯ
19 января 2019 | 10:49
"Өз ісінің нағыз фанаты еді". Марқұм Ерлан Нұрғалиевті киікпен суретке түсірген фотограф
Бүгінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы киіктің лағын бауырына басқан 52 жастағы Ерлан Нұрғаливтың суреті таралып жатыр. Оның таралуына өзіндік қайғылы себебі бар. Таяуда жұмыс бабымен рейдтік шара кезінде Ерлан Нұрғалиев әріптесі Петр Ницыкпен бірге жапан далада браконьерлер шабуылының құрбаны болды. Әріптесі түрлі жарақат алды, ал өзі ауруханада жатып жан тапсырды. Барша Желі қолданушылары марқұмның отбасына, туыстары мен жақындарына көңіл айтып, осындай ауыр қылмысқа барғандарды қатаң жазалауды талап етіп жатыр. Сонымен қатар, қолданушылар таратылып жатқан суреттің табиғатты қорғау, браконьерлікпен күрес және адалдықтың символы екенін жазып жатыр.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы киіктің лағын бауырына басқан 52 жастағы Ерлан Нұрғаливтың суреті таралып жатыр. Оның таралуына өзіндік қайғылы себебі бар. Таяуда жұмыс бабымен рейдтік шара кезінде Ерлан Нұрғалиев әріптесі Петр Ницыкпен бірге жапан далада браконьерлер шабуылының құрбаны болды. Әріптесі түрлі жарақат алды, ал өзі ауруханада жатып жан тапсырды. Барша Желі қолданушылары марқұмның отбасына, туыстары мен жақындарына көңіл айтып, осындай ауыр қылмысқа барғандарды қатаң жазалауды талап етіп жатыр. Сонымен қатар, қолданушылар таратылып жатқан суреттің табиғатты қорғау, браконьерлікпен күрес және адалдықтың символы екенін жазып жатыр.
Tengrinews.kz тілшісі осы суреттердің авторы фотограф Оспан Әлимен хабарласып, бұл картиналардың қашан және қандай жағдайда түсірілгені жайында сұрап білді.
Қайтыс болған инспектор Ерлан Нұрғалиев. © Ospan Ali
"Бұл суретті бір жыл бұрын түсірдім. Негізінде осы қызыл кітапқа енген киіктер мәселесі, жойылып бара жатқаны жайында толығырақ білейін деп осы жобаға қатыстым. Ерекең (Ерлан Нұрғалив - автор түсіндірмесі) сол кезде маған браконьерлер мәселесін айтқан еді, бірақ мен оны бір қатты жүрегіме алмадым. Себебі браконьерлік бұрыннан барын білемін. Өзіңе таныс кісі осындай жағдайға тап болғанын жаңалықтардан оқыған ауыр екен. Ол кісінің жүзі жылы, табиғаттың нағыз жанашыры еді. Сол кезде маған айтқан браконьерлік мәселесінің құрбаны болады дегенді еш ойламадым. Осыған байланысты браконьерлердің тек жануарларға емес адам баласына да айтарлықтай қауіп төндіретініне көзім жетті", - дейді Оспан Әли.
© Ospan Ali
"Қорғалжынға барған сапарымда инспекторлар көп болды, бірақ мен Ерағаны түсіргім келген себебі оның сөйлеген сөзінен-ақ жылулық сезілетін еді. Мен бұл кісіден нағыз фанатизмді көрдім - өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, табиғатты қорғауға барын салатын, өмір деген ақшаның мөлшерімен есептеледі дегенді ұқпайтын жан екенін сездім. Сол сапарда Ерағаның маған киік жайлы таңсық бір дүние айтқаны мәңгі есімде қалды. Киік төлдеген уақытта оның лағын сол үйірдегі барлық киік қамқорлығына алып, қоректендіре береді. Яғни туған шешесі ғана емес барлығы да бауырына басады. Ерлан аға киіктің жетімі болмайтынын айтып еді. Бізде қазақта "жетім" деген ұғым болмаған ғой, ата-анасынан, бауырынан қандай да бір себеппен айырылған адамды әйтеуір бір туысы, болмаса ауылдасы қамқорлығына алып өз баласындай тәрбиелейтін болған. Бәлкім қазақтың осы бір ұстанымы киіктен дарыған шығар деген ойға келдім", - дейді фотограф.
© Ospan Ali
"Өз басым көрмелерде көп жүретін болғандықтан көбіне "Қазақстан" тақырыбы аясындағы дүниелерді қозғауға тырысамын. Мысалы осы киікті қазақ елі киелі деп жайдан-жай айтпайды. Ол туралы аңыз әңгімелер де баршылық. Бізде Қызылордада киікке қатты көңіл бөледі. Бала кезден ата-әжелеріміз киіктің киесі, қарғысы жайлы айтып, бұл жануарға тиіспеу керектігі құлағымызға құйылып келді. Осыны жиі еститін болғандықтан, көңілім ерекше ауатын еді. Ерағаның ерен еңбегі мен қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі жадымызда мәңгі сақталса деймін", - деп түйіндеді ол.
Еске салайық, 15 қаңтарда елордалық № 1 ауруханасында "Охотзоопром"ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының инспекторы қайтыс болды. Браконьерлер шабуылынан зардап шеккен инспектордың бірі Петр Ницык оқиға жайлы айтып берді. ҚР Ішкі істер министрлігі "Охотзоопром"ӨБ" инспекторын өлтірді деген мемлекетаралық іздеу жарияланған күдіктілердің суретін жариялады. Осы дерекке қатысты Қарағанды облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі ("Кісі өлтіру, адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған") бойынша тергеу шараларын жүргізіп жатыр.
Кім болса да жауапкершілікке тартылады - Лукин инспекторды өлтіру жайлы
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также