18 января 2021 | 15:01

Коронавирус жарқанаттан жұқты ма? Қытай мен АҚШ позициялары

© Reuters

COVID-19 пайда болып, оның жер әлемге тарауы туралы түрлі пікір айтылды. Бірі алғашқы науқас Қытайдан табылғандықтан оның шығу тегі де сол ел екенін айтады. Инфекцияның Қытайдан табылғаны рас па және оған жарқанаттардың не қатысы бар? Коронавирус қалай пайда болды? Бұған дейін коронавирустың шығуына байланысты қандай теориялар айтылды? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.  

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

COVID-19 пайда болып, оның жер әлемге тарауы туралы түрлі пікір айтылды. Бірі алғашқы науқас Қытайдан табылғандықтан оның шығу тегі де сол ел екенін айтады. Инфекцияның Қытайдан табылғаны рас па және оған жарқанаттардың не қатысы бар? Коронавирус қалай пайда болды? Бұған дейін коронавирустың шығуына байланысты қандай теориялар айтылды? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.  

Коронавирустың қалай пайда болғаны туралы "теория"

Реклама
Реклама

4 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісінің орынбасары Мэтью Поттингер коронавирус инфекциясының шығуына қатысты ойын айтқан. Оның сөзінше, коронавирус пандемиясының пайда болуының "сенімді" теориясы - зертханадағы таралып кету екен. Поттингер "барлаушылардың кейінгі мәліметтері" барын айтып, бұл теориясына қатысты ешқандай дәлел келтірмеді. Оның айтуынша, зертханада таралып кету немесе апат болып, патоген "сытылып шыққан" болуы мүмкін.

Поттингер мұндай мәлімдемені ДДҰ сарапшыларының Ухан қаласына пандемияның шығу себебін тексеруге барар алдында жасаған. Ол ДДҰ әрекетін "потемкин ауылдарына" теңеп, түрлі ел парламентариін "ДДҰ-ның тергеуін әшкерелеуге қатысуға" шақырған. Себебі батыс сарапшылары ұйым Қытай оған зор ықпал етіп отырғандықтан пандемияның қалай шыққанын анықтауда объектив шешім қабылдамауы мүмкін деп қорқып отыр.

Көп ұзамай қытайлық тарап АҚШ басшылығының айыптауына жауап берді. Қытайдың сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хуа Чуньин бұл мәлімдеме жалған және ол қауесет екенін айтты.

"Поттингер жоғары шенді, ресми өкіл және біз күткен ойға қайшы жалған сөйлеп, қауесет айтуын жалғастырып жүр. Мен америкалық тарап бұл Поттингердің жеке пікірі ме, әлде АҚШ-тың ресми позициясы ма, мұны анықтайды деп үміттенемін", - деді Хуа Чуньин.

Оның айтуынша, "вирустың тарауы туралы теорияны" сол облыстағы көптеген сарапшы, оның ішінде, америкалық мамандар да жоққа шығарған.

"Егер АҚШ осындай мәлімдеме жасаса қажет дәлелдерді келтіргенін қалаймыз", - деді ҚХР СІМ өкілі.

Айта кетейік, коронавирустың тарауы туралы жалғыз пікір емес. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп COVID-19 Қытай зертханасында тарағанының дәлелі барын айтқан болатын. Трамп вирустың Уханнан тарағанының дәлелдерін көрген-көрмегені туралы сұраққа "Иә, көрдім" деп жауап берген болатын. Алайда президент қандай да бір ақпарат берудн бастартқан. 

"Мен ол туралы сіздерге айта алмаймын. Маған ол туралы айтуға болмайды", - деген еді АҚШ басшысы. 

Трамптың сөзінше, COVID-19-дың тарауы туралы түрлі теория бар. Сонымен қатар, ол ақыр соңында Қытай вирус туралы не белгілі екенін өзі айтады деп үміттенетінін айтқан. 

Кейіннен ДДҰ Трамптың пікіріне қатысты ойын айтты.

"Ресми мәліметке сүйенетін кез келген ел секілді вирустың тарауына байланысты кез келген ақпаратты қолға алсақ, себебі бұл қоғамдық денсаулық сақтауға және болашақта бақылауға алу үшін ақпараттың маңызды бір бөлігі. Бір ДДҰ үшін ақпараттық вакуум жағдайында жұмыс істеу қиын", - деді ДДҰ Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райан.  

ДДҰ сарапшылары Қытайға аттанды

ДДҰ сарапшылары қаңтар айында Қытайға барып, коронавирустың қалай пайда болғанын анықтауды жоспарлап отырған. Алайда 6 қаңтарда ұйым басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Қытай ДДҰ сарапшыларына зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бермей отырғанын мәлімдеді.

Тедрос Адханом Гебрейесус бірнеше елдегі мамандар пандемияның себебін анықтауға дайын екенін, алайда Бейжің әлі де оған мүмкіндік бермей отырғанын айтты. Артынша 11 қаңтарда ДДҰ сарапшыларына Қытайға кіруге рұқсат берілгені белгілі болды. ДДҰ баспасөз қызметінің мәліметінше, халықаралық сарапшылар тобы 14 қаңтарда Қытайға жаңа коронавирустың шығу себебін анықтауға аттанды. Сарапшылар тобында Жапония, Катар, АҚШ, Германия, Вьетнам, Аустралия, Нидерланд, Ұлыбритания, Дания және Ресей мамандары бар.

© Reuters

12 қаңтарда Қытайға аттанған сарапшылар тобының өкілі Марион Купманс вирустың қайдан шыққаны туралы түрлі болжам барын, алайда ол жарқанаттар резервуары болуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Купманс пандемияның басталуына байланысты Қытайды кінәлаудың қажеті жоқ деп санайды, себебі ешқандай ел одан алдын ала сақтана алмайды. ДДҰ өкілінің сөзінше, коронавирустың басқа елден таралып бастауы да әбден мүмкін. Дегенмен зерттеуді алғашқы науқас тіркелген Уханнан бастау маңыздырақ екен.

Бүгін Купманстың жарқанаттар резервуары туралы теориясы расталды: ухандық вирусологтар 2017 жылы оларды коронавирус инфекциясы бар жарқанаттар шағып алғанын мойындады. Сол кездің өзінде жарқанаттар түрлі вирусты, соның ішінде, SARS (Ауыр жіті респираторлық синдром) тасымалдаушысы болған. Ғалымдар үлгі жинау барысында маска тақпай, қолғап кимей жұмыс істеген. Осылайша ДДҰ-ның ережелері өрескел бұзылған.


© Reuters

Зерттеушілердің бірі оны жарқанат шағып алған кезде "қолғабын біреу инемен тесіп алғандай болғанын" айтқан. Алайда ғалым оның алдында құтыруға қарсы екпе салдырып қойғандықтан оған мән бермеген. Ал әйгілі вирусолог Ши Чжэнли оның жұмысы көп адам ойлағандай қауіпті емес екенін және "адамның жарқанаттардың вирус жұқтыру қаупі аз" екенін айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная