КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
24 апреля 2020 | 17:35

"1,1 миллион теңге". Көрші елдерде дәрігерлерге қандай жағдай жасалған?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© REUTERS © REUTERS

Кез келген төтенше жағдай кезінде алдыңғы шепте жүретін - дәрігерлер. Ал коронавирус пандемиясы кезінде дәрігерлердің вирусты жұқтырып алу қаупі өте жоғары. Көптеген елде COVID-19 жұқтырған дәрігерлер анықталған. Бұл мәселе Қазақстанды да айналып өтпеді. Дүниежүзінде халықтың өміріне араша түсіп жүрген дәрігерлерге қандай жағдай жасалып жатыр? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.  

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Кез келген төтенше жағдай кезінде алдыңғы шепте жүретін - дәрігерлер. Ал коронавирус пандемиясы кезінде дәрігерлердің вирусты жұқтырып алу қаупі өте жоғары. Көптеген елде COVID-19 жұқтырған дәрігерлер анықталған. Бұл мәселе Қазақстанды да айналып өтпеді. Дүниежүзінде халықтың өміріне араша түсіп жүрген дәрігерлерге қандай жағдай жасалып жатыр? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.  

Қазақстан

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда барлығы 2334 адам коронавирус жұқтырған. Оның 370-і медицина қызметкері. Ең қатты зардап шеккені - алматылық дәрігерлер. Оңтүстік астанада барлығы 197 қызметкер COVID-19 жұқтырған.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеше, 23 сәуірде елордада екі аптада салынған модульді жұқпалы аурулар ауруханасына барған сапарында да айтты.

"(...) Өкінішке қарай, Алматыда дәрігерлерімізді індеттен қорғай алмадық. Қазір қалыптасқан Төтенше жағдайды жою үшін күресудеміз. Сондықтан абай болғандарыңыз жөн, ең алдымен, өз денсаулықтарыңызды сақтаңыздар", - деген еді Мемлекет басшысы дәрігерлерге.

Сонымен қатар, коронавирус инфекциясын жұқтырған медицина қызметкерлері Нұр-Сұлтанда (92 дәрігер), СҚО-да (15 дәрігер), Атырауда (17 дәрігер) анықталған.

30 наурызда коронавируспен күресіп жүрген 26 228 дәрігердің жалақысына көмек ретінде қосымша ақы төленетіні белгілі болды. Мамандарға үш категория бойынша ақы төленеді.

Бірінші топ - жансақтау бөлімін қоса алғанда жұқпалы аурулар стационарында қызмет ететін орта және кіші медицина қызметкерлері. Бұл санаттағы мамандарға айына 850 мың теңге қосылады деп жоспарланған.

Екінші топ - провизорлық стационарларда және жедел жәрдемде жұмыс істейтін орта және кіші медицина қызметкерлері. Елдегі бұл санаттағы мамандардың жалпы саны - 11 951. Оларға 425 мың теңге көлемінде үстеме ақы төленеді.

Үшінші топ - карантин стационарындағы, санитар дәрігерлер мен жедел-жәрдемнің жүргізушілері. Бұл санаттағы 10 933 адамға 212 мың теңге көлемінде қосымша ақы төленеді деп жоспарланған.

Қытай

Көптеген ел медицина қызметкерлерін құтқарып қала алмаған. Мәселен, ақпанның басында Ли Вэньлян қауіпті індеттен көз жұмды. Бұл оқиға қоғам арасында қызу талқыға түскен еді. Себебі Ли Вэньлян әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы коронавирус туралы 2019 жылдың желтоқсанында ескерткен болып шықты.

Алайда Ли Вэньлян елде коронавирус жұқтырған жалғыз дәрігер емес. РИА Новости мәліметінше, Қытайда екі мыңға жуық медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған екен. Қытайлықтар COVID-19-бен күресіп жүрген дәрігерлерді "ақ киімді періштелер" және "ақ халатты жауынгерлер" деп атаған.

Желіде коронавируспен күресіп жатқан қытайлық дәрігерлерге нақты қанша сомада ақы төленетіні туралы мәлімет жоқ. Алайда дәрігерлерге деген құрметті жергілікті халықтың өзі де көрсетіп жатқан көрінеді. Мәселен, такси жүргізушілері өздері де вирусты жұқтырып алу қаупіне қарамастан дәрігерлерді ауруханаға тегін жеткізіп тастайды екен.

Синьхуа ақпараттық агенттігі орысша бөлімінің мәліметінше, қытайлық дәрігерлерге көптеген шипажайға, саябақтар мен танымал туристік аймақтарға тегін жолдама беріледі. Одан бөлек, медицина қызметкерлеріне тегін балық және тауық өнімдерін өз есебінен беретін фермерлер, Сычуань провинциясындағы мейрамханалар желісі Ухан қаласында қызмет еткен дәрігерлерге жылдың аяғына дейін тегін ас жеткізіп тұратынын мәлімдеген.

Ресей

Ресейде коронавирус жұқтырғандардың саны 68 мыңнан асты. Жалпы 5,8 мың адам қайтыс болған. РИА Новости мәліметінше, коронавируспен күресіп жүрген ресейлік дәрігерлер келесі аптадан бастап қосымша ақы ала бастайды.

Медицина қызметкерлеріне төленетін ақы әртүрлі. Мәселен, дәрігерлер 80 мың рубль (460 мың теңгедей), орта деңгейдегі қызметкерлерге 50 мың рубль (287 мың теңгедей) және кіші медицина қызметкерлері қосымша 25 мың рубль (143 мың теңгедей) алады. Одан бөлек, фельдшерлер, медбикелер мен көлік жүргізушілері 25 мың рубль алады.

Әзербайжан

24 сәуірдегі жағдай бойынша, Әзербайжанда барлығы 1548 адам COVID-19 жұқтырса, оның 20-сы қайтыс болған. Елде вирус алғаш 28 наурызда анықталған. Коронавирус жұқтырған алты дәрігер жазылып шыққан.

Sputnik Азербайджан мәліметінше, ел президенті Ильхам Алиев коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне қосымша ақы тағайындау туралы үкім шығарған. Мемлекет басшысының ресми сайтындағы мәлімет бойынша, дәрігерлердің жалақысына 3-5 есе артық ақы төлеу туралы хабарланған.

Өзбекстан

Sputnik Узбекистан мәліметінше, Өзбекстанда 100 мыңға жуық дәрігер коронавируспен күресіп жатыр. Науқастарды емдеумен айналысып жатқан және олармен байланыста болған медицина қызметкерлеріне ай сайын көршілес елде де көмек көрсетіледі. Бұл туралы ел президенті Шавкат Мирзияев видео-жиын кезінде мәлімдеген.

Мәселен, зертханада жұмыс істеп және емдеумен айналысып жатқан дәрігерлерге 25 миллион сум (шамамен 1,1 миллион теңге), орта медицина қызметкерлері, зертханадағы медбикелерге 15 миллион сум (шамамен 641 мың теңге), кіші медицина қызметкерлеріне 10 миллион сум (шамамен 427 мың теңге), басқа да қызметкерлерге 5 миллион сум (шамамен 213 мың теңге) көлемінде қосымша қаржы қарастырылған.

Қырғызстан

Қырғызстанда COVID-19 алғаш 18 наурызда Сауд Арабиясынан қажылықтан келген екі адамнан анықталған. Елде барлығы 656 адам коронавирус жұқтырса, оның 157-сі медицина қызметкерлері.

Қырғызстандық дәрігерлер коронавирус жұқтырған жағдайда 200 мың сом (шамамен 1,1 миллион теңге) төленеді. Бұл туралы елдің вице-премьер-министрі Кубатбек Боронов мәлімдеген.

Сондай-ақ дәрігер науқастарды емдеу барысында коронавирус жұқтырып, қайтыс болған жағдайда оның отбасына 1 миллион сом (шамамен 5,3 миллион теңге) көлемінде өтемақы төленеді екен.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 515.11  course up  535.94  course up  5.16  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer