Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 октября 2020 10:17

"Психикасын түзеу керек". Ердоған мен Макрон неге дауласты?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© France 24 © France 24

Қазір Түркия мен Франция арасындағы қатынас шытынап тұр. Екі елдің президенттері сәт сайын түрлі мәлімдеме жасап жүр. Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоған франциялық әріптесіне психикасын тексеруге де кеңес берген. Tengrinews.kz тілшісі екі ел арасындағы даудың неден туындағанын, президенттерінің талқыға түскен мәлімделері туралы жазады.


Қазір Түркия мен Франция арасындағы қатынас шытынап тұр. Екі елдің президенттері сәт сайын түрлі мәлімдеме жасап жүр. Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоған франциялық әріптесіне психикасын тексеруге де кеңес берген. Tengrinews.kz тілшісі екі ел арасындағы даудың неден туындағанын, президенттерінің талқыға түскен мәлімделері туралы жазады.

Бәрі мұғалім өлімінен басталды

2015 жылы франциялық Charlie Hebdo журналының редакциясына шабуыл жасалған еді. кейін бұл іс бойынша ислам экстремистері ұсталған болатын. Қазір бұл оқиға бойынша сот процесі өтіп жатыр.

Одан бөлек таяуда Парижде оқушыларға Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсеткен франциялық мұғалім қаза тапқан еді. Кейін белгілі болғандай, шешен жігіті оның басын шапқан.

Францияны дүр сілкіндірген қылмыс

2 қазанда осы оқиғалар талқыланып жатқан кезде Франция президенті Эммануэль Макрон исламды "дүние жүзінде дағдарысқа ұшыраған дін" деп атаған болатын. Ол ұлт пен құндылыққа қарамайтын басқа ағымдағы мұсылмандар бар екенін айтқан. Мемлекет басшысы Франция құндылықтарын "ислам сепаратизмінен қорғауға" да шақырған.  


Эммануэль Макрон. © Reuters

Бірнеше күннен соң Ердоған Макронға жауап қатты.

"Макронның "Ислам дағдарысқа ұшырады" деген мәлімдемесі - бұл құрметсіздіктен бөлек ашық арандатушылық. Ислам құрылымы туралы айтатындай кім едіңіз?" - деді Түркия президенті телеүндеуі кезінде.

Ердоған еуропалық саясаткерлер өз сәтсіздіктерін көрсетпеу үшін мұсылмандарға қарсы пікір айтуды маңызды құралға айналдырғанын айтты.

"Макрон психикасын түзеуі керек"

Кейін Эмануэль Макрон Франция мұсылмандар кеңесімен бірге елде "білімді исламды" құрғысы келетінін мәлімдеді. Сол арқылы ол "Франциядағы исламды шетел ықпалынан босатып, мешіттерді қаржыландыруды бақылау керегін" жеткізді.

Макронның мұндай мәлімдемесі Ердоғанға ұнамады. Ол франциялық әріптесіне психикасын емдеуге де кеңес берді.

"Макронның ислам мен мұсылмандарда несі бар? Мемлекет басшысының өз елінің миллиондаған мұсылманына осылай қарауы - ақыл-ойын жоғалтқаны. Психикасын түзеуі керек", - деді Ердоған.

Көп ұзамай Түркия басшысы Макронға тағы да тіл тигізді. Бұл жолы ол Франция президентін "жолдан тайды" деп айыптады.


©Reuters

"Ердоған сөзі - дөрекі"

Ердоғанның бұл мәлімдемесінен кейін Франция Анкарадағы елшісін қайтарып алды. Елшімен кеңесу үшін арнайы шақыртқан.

Елисей сарайы Түркия басшысының бұл сөздерін тым дөрекі деп бағалаған.

"Президент Ердоғанның сөздеріне көне алмаймыз. Ашулану мен дөрекілік - әдіс емес. Біз Ердоғаннан саяси бағытын өзгертуді талап етеміз, өйткені ол барлық жағынан қауіпті", - делінген Елисей сарайының өкілдері.

Сондай-ақ, онда Режеп Ердоған Парижде мұғалім өлтірілгеннен кейін көңіл айтпағанын жеткізді.

Түркия француз тауарларына бойкот жариялады

Түркия президенті мұсылман елдерін франциялық тауарларға бойкот жариялауға шақырды. Қазір Түркиядан бөлек, Катар, Кувейт, Иордания мен Иранда француз өндірістерінен бас тартып жатыр.

Бірақ Франция жауап ретінде Түркия тауарларына бойкот жарияламады. Бұл туралы Франция сыртқы сауда министрі Франк Риестер айтты.

"Бұл күннің басты мәселесі емес. Түркияның қазіргі әрекеті сияқты әрекетке бармаймыз", - деді Риестер.

Charlie Hebdo журналы Ердоғанның карикатурасын жасады

Charlie Hebdo журналы Ердоғанның Францияға қарсы жасап жатқан әрекеттерін назардан тыс қалдырмады. Таяуда сатиралық журнал жаңа нөмірінің мұқабасын жариялады. Оны Түркия президенті бейнеленген.

Басылымның Twitter-парақшасында жариялаған суретіне қарасақ, тағы бір карикатураны көруге болады. Онда Ердоған бір қолында ашылған сусын құтысын ұстап орындықта отыр. Екінші қолымен ол қызметші әйелдің етегін көтерген. Карикатурада "Ердоған жеке өмірінде ойынқұмар" деп жазылған. Сондай-ақ, карикатурада Ердоғанның "О! Пайғамбар!" деп айтып тұрғаны бейнеленген.

Журналдың бұл нөмірі 28 қазанда жарық көрді. Көп ұзамай Ердоған бұл карикатураға қатысты пікір білдірді.

"Олардың маған жеккөрінішті түрде шабуыл жасағаны емес, бұл басылымның қымбатты пайғамбарыма шабуыл жасағаны қатты қынжылтты және ашуыма тиді", - деді түрік басшысы.

Режеп Тайип Ердоған француз журналын осы карикатурасы үшін сотқа берген. Президенттің адвокаты Хусейн Айдын Анкара прокуратурасында қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Бұл істің қалай аяқталары белгісіз. Бірақ Эмануэль Макрон Францияның карикатуралардан бас тартпайтынын мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети