Халық аман болсын, қайғыға ортақпыз. қалғаны бәрі уақытша патшада, әкімде ешкімнің қауқары жоқ. сұрасаң Алладан сұра да әрекетіңді өзің жаса. бәрібір саған көмектесетін Халық. бюджеттен бөлінетін ақшада Халықтың акшасы. рахметіңді айтсаң да Халқыңа айт.
он екіден үшті алсаң не қалады. 12 ай мезгілдің 3 көктем айын алып тастасаң ештеңе де қалмайды. неге түсіну қиын осыны. жолды жастарға, жас күш қуат, жаңа таза ақылға беру керек.
жанұяда күнә ешқашан бір жақты болмайды. әйелді бастан, баланы жастан деп бекер айтпаған Қазақ. бәріне кінәлі біз ер адамдар. ертең анау дүниеде де осылар (шашы ұзын, ақылы қысқа) үшін біз жауап береміз. бірақ, олардың (қыз, әйелдердің) жазасы тым ауыр. Әйел адамның бақыты ерінің ризалығында, ер адамның бақыты Ата-анасының ризалығында.
Ассоломагалйкум батырым, өркенің өссын. Нағыз ер азамат, елін сүйетін, болашағын ойлайтын сендей болсын. Бала - шағаң аман болып, ата - анасына, халқына адал болсын. Алла жар болсын Сіздерге. Ертеңгі күні осы балаларыңның жақсылығын көруді тілеймін.
Аман болыңыз. Наурыз мейрамы құтты болсын. Халқымызға сана, береке мен бірлік және зор денсаулық тілеймін. Еліміз мәңгілік болсын. Жаратқан абыройымызды асқақтатсын.
Қарсы емеспіз, әр кім істеген ісіне жауап беруге тиіс. бірақ, соны жазаламақшы болып жүргендердің өзі сол күнәдан таза болсағой. Иса пайғамбардың кезінде бір жезөкше қызды халық таспен ұрып өлтірмекші болады, бірақ оларға Иса қайсыларың бейкүнә болсаңдар солар тас атсын дегенде біреуі де баралмайды. содан аман қалған қыз Жаратқаннан кешірім сұрап, тура жолға түседі. Мүмкін есін жияр, халықтың аманатын ата жұртымен қосылып бірге қайтарар деген үміттеміз.
Ия таяқтың екы жағы бар. Халықтың да зары жетерлік еді. Талай жастар қай жағы болмасын күнәсіз кетті. Иманды болсын. Осыны өз пайдасына пайдаланғандар да аз емес. Бірақ, себепсіз еш нәрсе болмайды ғой. Осының арқасында мына Мемлекеттегі қазіргі болып жатқан біраз өзгерістер.
Жеке касіпкерледің әлеуметтік төлемдерін қалдырып, басқа салықтан мүлдем босату керек. Ауыл шаруашылығына көбірек көңіл бөліңіз. Аш адамға балық емес қармақ бер дегендей жаппай жұмысқа ауылдарға жіберіңіз. Қазақстан халқы қорының ақшасын бекер талан таражға түсірмей, өкімет өз қатысуымен жұмыс орындар ашсын. Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей.