ПОДЕЛИТЬСЯ
12 июня 2018 | 20:43
ЭКО тығырықтан шығар жол ма?
Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Түтікшедегі бала" тақырыбы қозғалды. Бағдарламаға 35 жастағы Асмира есімді ана келді. Ол алғашқы ЭКО-ны 2008 жасатып көрген. Болмаған соң, екінші мәрте 2013 жылы тағы ЭКО жасап ұлды болған.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Түтікшедегі бала" тақырыбы қозғалды. Бағдарламаға 35 жастағы Асмира есімді ана келді. Ол алғашқы ЭКО-ны 2008 жасатып көрген. Болмаған соң, екінші мәрте 2013 жылы тағы ЭКО жасап ұлды болған.
Асмираның айтуынша, ұлы 980 грамм болып туылған.
"6,5 болғанда босандым. Басында "егіз бала болады" деп айтқан болатын. Сосын оларды алып тастауды ұсынды. Себебі дәрігерлер екінші баланың науқас болып туылатынын айтты. Содан балам ішімде қайтыс болды. (...) Жедел түрде кесарев тілігімен босандым. Екі ай ауруханада жансақтау бөлімінде жаттық", - дейді келіншек.
Сондай-ақ, оның айтуынша, сәбиі бастапқыда өз бетінше дем ала алмаған. Дәрігерлер оның аман қалуы да 100-ден бір пайыз деп бағалаған. Ал перзентханадан шыққан кезде сәбиінің салмағы екі келіге жетіпті.
Қазір 5 жаста Батырхан есімді ұлы бар. Содан кейін табиғи тұрғыда перзент сүйе алмай, 2017 жылы тағы жасатқан бірақ сәтті болмаған. Алдағы уақытта тағы жасатсақ деген ойларында бар екен.
Батырханның анасының айтуынша, ол бастапқыда даму жағынан қасындағы балалардан артта қалып жүрген.
"Әр ай сайын дәрігерге көрініп, толықтай тексерістен өтіп жүрдік. Әдетте, шала туған балалардың көз көру қабілеті төмен болады ғой. Сосын тыныс алуы бар. Қазір барлығы жақсы, каратэге де барады", - дейді Асмира.
1978 жылдан бері дүние жүзінде ЭКО көмегімен 6 миллион нәресте дүние есігін ашса, Қазақстанда 22 жыл (1996 жылдан бастап) ішінде 15 мыңға жуық бала дүниеге келген.
Бүгінде елімізде әрбір 10-отбасы ЭКО-ға жүгінеді. Бұл дегеніміз жыл сайын 15-20 мың отбасы бедеулік белсіздіктің зардабын тартуда.
Сондай -ақ, 1978 жылы ЭКО көмегімен Луиза Браун есімді қыз дүниеге келген. Бүгінде ол күйеуімен Англияның Манчестр қаласында тұрады. Келесі айда 40 жасқа толатын Луизаның 2 ұлы бар.
Айта кететін жайт, Луиза жасанды ұрықтандыру арқылы дүниеге келсе оның екі ұлы табиғи жолмен дүниеге келген.
Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.
Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-декөрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также