16 марта 2020 | 09:13

Филолог қазақ тіліне керегі жоқ екі әріпті айтты

Астанада қазір әліпбиге байланысты талқылау өтіп жатыр. Алдағы уақытта әліпбидің соңғы нұсқасы ұсынылады. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Құралай Күдеринова Тengrinews.kz тілшісіне жаңа латын әліпбиіне керек емес екі әріп туралы айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада қазір әліпбиге байланысты талқылау өтіп жатыр. Алдағы уақытта әліпбидің соңғы нұсқасы ұсынылады. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Құралай Күдеринова Тengrinews.kz тілшісіне жаңа латын әліпбиіне керек емес екі әріп туралы айтып берді.

"C" әрпінің керегі жоқ

Реклама
Реклама

Филологтың ойынша, латынның "с" әрпінің жаңа қазақ әліпбиіне керегі жоқ.

"Себебі латынның "с" әрпін алсақ, оның қазақ тіліндегі атауы қалай болады? Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың атаулары өзінен кейін не алдында қысаң езулікті қосып айтады. Мысалы, "Мы", "Қы", "Шы" деп айтамыз. Ал латынның "С" әрпін қалай дыстаймыз: "Сы", "Си" әлде "Цы"? Егер оны "Сы" деп алатын болсақ, латын әліпбиіндегі S әрпіне ұқсап кетеді. Сондықтан бұлай ала алмаймыз. "Си" деп те ала алмаймыз, себебі біздің емлемізде дауыссыз дыбысқа қысаң езулік қосылу керек. "Цы" деген дыбыс әріптің атауы бола алмайды. Біз оны "тсы" деп үш таңбамен қосарлап бере алмаймыз. Ендеше бізге қажеті жоқ бұл таңбаны біз не үшін аламыз?", - дейді ол.

Құралай Күдеринова бұл ұсынысының тағы бір себебін атады.

"Біз әу баста латынның "с" таңбасын орыс тілінен енген термин сөздерді жазу үшін алдық. Яғни, өз басымызды ойлап отырмыз. Осы кезге дейін "ц" әрпімен жазып жүрген сөздерді "тс" деп жазу үшін соны сақтап отырмыз. Көп ұзамай, біз бұл әріптің қызметін көп пайдалана алмайтын сияқтымыз. Қызметі әлсірейді. Болашақта роман, герман тілдерінен жаңа сөздер алсақ, оны "с" әлде "s" әрпімен белгілейміз бе деген сұрақ туындайды. Себебі екеуінің де атауы "с" болайын деп тұр. Мысалы, бұрын біз "медицина" деген сөзді естімедік де. Оны ағылшын тілінен тікелей алсақ, "медисин" деп алатын едік. Мұнда ешқандай "ц" әрпі жоқ. Тек жазылуында "с" әрпі бар. Сонда егер жазылуын сақтап аламыз десек, "medicine" деген сөздің соңындағы айтылмайтын, сақау "е" әрпін де қоса алуымыз керек. Ағылшын тілі мен біздің терминдердің графикалық образы бір болсын десек, онда біреуін "с" әрпімен жазып, соңғы "е" әрпін тастап кете алмаймыз. Егер термин сөздерді толық плантациялап жаза берсек, тіліміз өзгерген күйге қайта ораламыз. Сондықтан, "ц" әрпінің орнына "с" әрпін қолдана беруіміз керек. Ал оны "S" әрпімен таңбалай бере аламыз", - дейді филолог.

Сонымен қатар, ол орыс тілінің өзінде "ц" әрпінің орфоэпиясы әртүрлі екенін айтады. Орфоэпиялық түрде айтар болсақ, қазақтар "мигратсия", "тсилиндр" деп "ц" әрпін "тс" деп анық айтады. Ал кейде "Франсия", "стансия" деп "ц" орнына "с" әрпін пайдаланады. Сондықтан, алдағы уақытта "ц" әрпінің орнына латынның "s" әрпін пайдалана аламыз дейді ол.

"Ч" әрпінің керегі жоқ

Құралай Күдеринова тағы бір әріптің қазақ әліпбиіне керегі жоқ деп санайды, бұл - "ч".

"Ч" дыбысын таңбалаймыз дегенде де осы сұрақ туындайды. Әріптің атауын "тш", "ш" әлде "ч" деп аламыз ба? "Ч" деп ала алмаймыз, себебі бұл орыс тілінің таңбасы. Сонда тағы да әріптің таңбалауында әріпті "ш" деп беруімізге тура келеді. Ол кезде бұл "шана" дегендегі "ш" әрпімен сәйкес келеді. "Ч" әрпін таңбалаймыз деу - тағы да қазіргі санадан, кирилл әліпбиінен арыла алмай отырғанымыздың себебі. Әйтпесе, "ч" дыбысы қазақ тілінде мағына ажыратпайды. Кезінде парсы тілінен енген сөздерді біз "ш" тілімен бейімдеп алғанбыз. "Чар", "чартарап" деп кірген сөздерді "шар", "шартарап" деп алдық. Біз сол кезде "ч" деп алған жоқпыз. Қазақтың сөз ажырататын "ш" әрпін пайдаландық", - дейді тіл маманы.

Фиологтың айтуынша, "ч" әрпінің қажет болмайтын тағы бір себебі - бұл әріппен келетін сөздер саусақпен санарлық қана. Енді біраз жылдан кейін бұл әріппен келетін сөздерді көп қолданбайтын сияқтымыз дейді ол.

"Осы орайда шетелдік терминдерді қалай жазамыз деген де ой келеді. Қазіргі кезде шетелдік сөздердің жазылу ережесі бар. Ереже бойынша, сөздер транслитирацияланып жазылады. Мысалы, Чехов сөзі "Тшехов" деп жазылады. Бұл қазақ тілінің емле, ережесі. Сондықтан, өз тіліміздің заңдылығымен жазуымыз керек", - дейді тіл маманы. 

Оқи отырыңыз:

Латыннегізді қазақ әліпбиі: Тіл мамандарының ортақ шешімі

"Кампьютер" емес, "компүтер". Латын әліпбиімен бірге қазақтың сөйлеу мәнері қалай өзгереді

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная