ПОДЕЛИТЬСЯ
12 июня 2019 | 10:56
Жиналғандардың бәрі дұрыс ниетті емес - Жүрсін Ерман митингілер жайлы
Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, айтыс өнерінің насихатталуына бірден-бір үлес қосқан Жүрсін Ерман соңғы күндері елімізде болған митингілерге қатысты және Ринат Зайытовтың мәлімдемесі жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, айтыс өнерінің насихатталуына бірден-бір үлес қосқан Жүрсін Ерман соңғы күндері елімізде болған митингілерге қатысты және Ринат Зайытовтың мәлімдемесі жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Елімізде президенттік сайлау науқаны аяқталды. Орталық сайлау комиссиясының қорытындысы шығып, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқын басымдықпен жеңіске жетті. Оның жеңісін мойындап, сайлаудың алты бірдей кандидаты қорытындысымен келісіп, құттықтады. Бірақ әлдебір қолайсыздықтар орын алып тұр. Алматыда 1-2 күн бұрын рұқсат етілмеген шеру болды. Оның бастамашысы біздің ақын Ринат Зайытов болды. Рұқсат етілмегеннен кейін басбұзарлықтар болар ма деп Ринатты қамауға алды. Алматы қаласының әкімдігінің көмегімен әйтеуір Ринатты түрмеден шығарып алдық", - дейді Жүрсін Ерман Facebook желісінде жариялаған видеосында.
Оның айтуынша, шеруге мыңдаған адам жиналған. Оларды қоршап тұрған қарулы күштер одан да көп. Алайда, оның пікірінше, жиналғандардың бәрі дұрыс ниетті адамдар емес.
"Біразы шынымен Ринатты қолдап жүрсе, біразы неге келгендерін білмейді. Бір адамдар тіпті ащы сумен қызып жүргенін де өз көзіммен көріп отырмын. Өркениетті елдерде халықтың тілегін жеткізудің өркени жолдары бар. Біз тәуелсіз ел болдық, бұл сайлаудың басты қорытындысы халқы өзінің еркіндігін білдіруге құқылы екенін танытты. Болашақ өзгерістің іргесі қаланды. Жиналғандардың арасында неше түрлі адам бар. Жаман айтпай, жақсы жоқ. Біреудің басы жарылып, көзі шығып, жазым болып кетсе Ринат жауап беруге тиісті болады. Осының бізге қажеті бар ма?", - деген ақын шеруге шығудан нәтиже шықпайтынын, сондықтан өз еліміздің тәуелсіздігін құрметтеуге және жұртты арандамауға шақырды.
"Елдің іргесі берік, болашағы айқын, әйтеуір қанша қиыншылық болғанымен, өтеді ғой. Соған бәріміз бас көз болып, көмегімізді жасасақ, жарқын күндеріміз алда емес пе. Сондықтан мен ағайынды сабыр шақтауға шақырамын. Арандатуға ермейік. Бәріміз сабырлы болайық. Елдің болашағы үшін бірге болайық бәріміз", - деп ойын қорытты Жүрсін Ерман.
Бұл оқиғалар жайлы әнші Алтынай Жорабаева да пікір білдірді. Оның айтуынша, соңғы күндері әншілер неге үнсіз отыр деп айыптайтын пікірлер көп жазыла бастаған.
"Мен үнсіз қалсам, үйімде дұғада отырмын. Мен саясаткер емеспін. Мен көпбалалы, жалғызбасты анамын, әншімін. Нұр Отан партиясына кіруімнің себебі, адамның санын көбейту емес, көпбалалы ананың көкейіндегі сұрақты, көп адамның жұмыссыз екендігін билікке жеткізу болды. Өнерде нағыз өнерпазды сараптау үшін көркемдік кеңес керектігін айтқым келді. Бірақ оны да айтудың жайы осылай екен деп дүрлігіп, ашуға беріліп, эмоцияның жетегіне кетіп емес, осы партияда еңбегімді көрсетіп, мәдениетті түрде жеткізгім келді", - дейді әнші.
Сонымен қатар, Жорабаеваның айтуынша, "халқым деп жатқанның жанашыр, айқайлағанның бәрі Алашшыл емес".
"Мен бір жаққа шығып алып, соқыр сеніммен айқайлап, шашбау көтеріп жүрген жоқпын. Мәселеге жан-жақты қарауға тырысудамын. Содан кейін, халқым деп жатқанның жанашыр, айқайлағанның бәрі Алашшыл емес екенін түсінсек. Өткені мен бүгіні белгісіз тұлғалар келіп, халықты ханға айдап салып, бүлік шығарып, ертең елді тастап қашпайтынына кім кепіл? Қираған үй, қырылған елде қалатын Сіз бен Біз. Сондықтан, бірлікті ойлап, біліммен жеткізе білген жөн, не нәрсені болса да. Шеру, ешқашан бейбіт болған емес! Тек әншілер ғана емес, сіз де, басқа да, біз де халықтың арқасында жүрміз! Халық деген - мен! Халық деген - Сіз!", - дейді ол қамалған халықты босатуды сұрады.
Әнші Нұрлан Албан халықтың амандығы бірінші кезекте екенін айтты.
"Барлығыңызды қазіргі болып жатқан жағдайларға байланысты сабырға шақырамын. Әрқашанда сабыр мұсылманның басты қаруы. Күні кеше ғана, біліп жатырмыз, біздің жанымызды түсінбейтін кейбір арандатушы ағайындар бар екен. Соған мұқият болыңыздар. Өтініп сұраймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын десек, бізде ауызбіршілік болуы керек", - деп пікір білдірді Нұрлан Албан.
Посмотреть эту публикацию в InstagramАман болайықшы,бауырларым!
Публикация от Nurlan ALBAN (@nurlanalban) 11 Июн 2019 в 12:47 PDT
Еске салайық, мұның алдында митинг жайлы Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан пікір білдірген болатын.
Еске салайық, елде 9 маусымда өткен сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жеткен болатын.
10 маусымда "Алматы Арена" маңындағы алаңда құқық қорғау органдары жиналған адамдарды ұстаған. Полицияға жеткізілгендердің саны белгісіз. Кейін олардың ішінде танымал айтыскер Ринат Зайытовтың болғаны анықталды. Кейін ол босатылған. Артынша ол алматылықтарды сабырға шақырып, үйге тарауын сұрап, видео жариялаған. Бұдан кейін Алматыдағы Полиция департаментінің ғимараты алдында адамдар жиналып, оны босатуды талап еткен. Оқиға орнына Зайытов келіп, халықты тағы да сабырға шақырған. Алайда жиналған жүздеген адам Төле би көшесінің бойымен жүріп, көшеде кептеліс пайда болған. Артынша полицейлер тағы да ұстау шараларын жүргізген.
Айта кетейік, митинг кезінде Tengrinews.kz тілшісі жарақат алған. Кейін бұл дерек бойынша Алматы полициясы қызметтік тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлады.
Мұның алдында Tengrinews.kz тілшісі 9 маусымда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өткен митинг кезінде полицияға 500-ге жуық адамның жеткізілгенін хабарлаған. Тоқаев Ақордадағы баспасөз мәслихатында сайлау қарсаңында құқық қорғау органдарына барынша ұстамды болуға тапсырма бергенін мәлімдеген.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также