25 ноября 2019 | 14:09

Қазақстанда неше рет отбасы құруға болады?

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда соңғы 10 жылда 1,5 миллионнан аса жұп отбасын құрған. Статистика комитетінің мәліметінше, былтыр бір күннің өзінде 380-ге жуық жұп отбасын құрып, 150 отбасы ажырасып, 80-ге жуық адам қайта некеге тұруға өтініш берген. Бірақ оған заңмен шектеу бар ма? Қазақстанда қанша рет тұрмысқа шығуға немесе үйленуге болады? Бұл туралы Tengrinews.kz материалында.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда соңғы 10 жылда 1,5 миллионнан аса жұп отбасын құрған. Статистика комитетінің мәліметінше, былтыр бір күннің өзінде 380-ге жуық жұп отбасын құрып, 150 отбасы ажырасып, 80-ге жуық адам қайта некеге тұруға өтініш берген. Бірақ оған заңмен шектеу бар ма? Қазақстанда қанша рет тұрмысқа шығуға немесе үйленуге болады? Бұл туралы Tengrinews.kz материалында.

Қазақстанның "Неке және отбасы туралы" заңы бойынша, ерлі-зайыпты болудың басты алғышарты - некеге тұратындардың жасы 18-ден асуы керек және басқа ресми некеде тұрмауы қажет. Бірақ, заңда нақты қанша рет отбасын құруға болатыны және бірнеше рет неке тұруға тыйым салынатыны жайлы көрсетілмеген, яғни шектеу қойылмаған.

Реклама
Реклама

Кодекстегі мәліметтер бойынша, бұрын ерлі-зайыпты болып қайта отбасын құру үшін жұптың екеуінің де жеке басын куәландыратын құжаттардың және алдыңғы некелер болған жағдайда деректерді тексеру үшін дәлелдейтін құжаттардың болуы міндет. Яғни, некеге тұрушылардың бірінің бұрынғы тіркелген некесі болса, ажырасу туралы куәлігі немесе жары қайтыс болса, қайтыс болу туралы куәлігі қажет.

Дегенмен, Заңның 11-бабында біржыныстылардың, жақын туыстардың, ерлі-зайыптының бірінің психикалық ауруы болып немесе ақыл-есі болса кем болса және тағы басқа себептер болса, отбасын құруға тыйым салынатыны айтылады:

- Некені тіркеу туралы өтініш берген тұлғалардың біреуін немесе екеуін мәжбүрлеу арқылы неке қиылмақ болса;
- Екі тұлға біржынысты болса;
- Некеге отырмақшы тұлғалар жақын туыс болса (ата-ана, балалар, толықтай немесе жартылай ағайынды апалы-сіңлілер, аға-інілер, ата, әже, немерелер, қамқоршылар, асырап алынған балалар).
- Өтініш берушілердің біреуі некеде тұрса;
- Соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған болса.

Сондай-ақ, "Неке және отбасы туралы" кодексте кәмелетке толмағандардың да отбасы құра алатыныны көрсетілген. Яғни, 18 жасқа толмағандардың ата-анасы немесе қамқоршылары неке тіркеу органына келіп, жазбаша келісімін беруі тиіс. Ал олар некесін бұзатын жағдай болса, ажырасуға өтініш беретіндердің ата-аналарының немесе қамқоршысының да өтініші керек болады.

Десе де заң екі жағдайда бұл жасты төмендетуге мүмкіндік береді екен. Біріншісі - қыз жүкті болғанда, екіншісі - ортақ бала туған кезде. Неке қиюмен және оны тіркеумен айналысатын арнайы орган отбасы құруға болатын жасты екі жылға, яғни 16 жасқа дейін шегере алады екен.

Айта кетейік, оқырмандарымыздан осы іспетті көптеген сұрақ келіп жатады. Осыған орай редакция тілшілері "Сұрақ-Жауап" арнайы айдарын ашып, мақалалар циклын жариялауды бастайды. Қоғамдағы өзекті мәселелер, қызу талқыланған тақырыптар, заң, құқық тұрғысындағы түйткіл мәселелер болса редакциямыздың +7 771 507 29 89 WhatsApp нөміріне жолдай аласыздар. 

Оқи отырыңыз:

15 жаста үйлену: Заңгер ерте жастан отбасы құрғандардың жазасын айтты

Қандай жұптар отбасы бола алмайды - Психолог әрбір жанұя өткеретін сынақ жайлы

Мамандар елімізде ажырасу жағдайларын азайтудың жолын айтты


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная