Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
19 февраля 2021 09:31

Пандемия аяқталып, қалыпты өмірге қашан ораламыз? Сарапшылар болжамы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Дүние жүзінде коронавирус пандемиясы жарияланғанына бір жылдан аса уақыт болды. Осы уақыт аралығында миллиондаған адам жақынынан айырылып, мыңдаған адам әлі де пандемияның салдарын көріп жатыр. Коронавирус пандемиясының нақты қашан аяқталып, адамдар қалыпты өмірге қашан оралатыны белгісіз. Сарапшылар мен ғалымдар әзірше тек болжам жасаумен шектеліп отыр. Tengrinews.kz тілшісі осы мәселеге байланысты мамандар пікірін жинады. 


Дүние жүзінде коронавирус пандемиясы жарияланғанына бір жылдан аса уақыт болды. Осы уақыт аралығында миллиондаған адам жақынынан айырылып, мыңдаған адам әлі де пандемияның салдарын көріп жатыр. Коронавирус пандемиясының нақты қашан аяқталып, адамдар қалыпты өмірге қашан оралатыны белгісіз. Сарапшылар мен ғалымдар әзірше тек болжам жасаумен шектеліп отыр. Tengrinews.kz тілшісі осы мәселеге байланысты мамандар пікірін жинады. 

Пандемия туралы болжам

Медицина профессоры Алмаз Шарманның сөзінше, дүние жүзі халқында ұжымдық иммунитет қалыптасқан жағдайда коронавирус пандемиясы жөтел не маусымдық тұмау секілді вирус түрі болып қалуы мүмкін.

"Оның бәрі вакцинацияның арқасында және көп адам COVID-19-ды жұқтырып, ауырып, иммундық қорғаныш қалыптасқаннан кейін болады. Бүгінде коронавирустың қауіпті болу себебі - бұған дейін ол табиғатта болмаған, адамзат онымен кездеспеген және біздің иммундық жүйе одан қорғануды қажет деңгейде үйренбеген. Алайда жағдай COVID-19 жұқтырып, ауырғандар саны мен қанша адам вирусқа қарсы вакцина салдыруына қарай өзгереді", - деді профессор.

Алмаз Шарманның сөзінше, вакцинация да коронавирустың толық жойылуына әсер етпеуі мүмкін.

"Ол бұрынғы агрессивтігін жоғалтса да, адам популяциясы арасында тарауын жалғастырады. Басқаша айтқанда, коронавирус, медицина қызметкерлерінің тілімен айтсақ, эндемиялық инфекцияға айналады. Уақыт өткен сайын кішігірім ауру ошақтары болып тұрады, ол көбіне балалар арасында кездеседі", - дейді маман.

Дәрігер неге вирус балалар арасында көп тарайтынын түсіндірді.

"Неге балалар? Себебі олар жаңадан туа сала ағзасы түрлі бактерия мен вирусты көреді. Балалар үнемі микроорганизмдермен күресіп үйренеді. Сондықтан олар коронавирус инфекциясын жеңіл өткереді. Ол әсіресе 5 жасқа дейінгі балаларға қатысты: COVID-19 балаларда жеңіл тұмау секілді ешқандай симптомсыз өтеді", - деп түсіндірді профессор.

Алмаз Шарман пандемия аяқталғаннан кейін не болатынын зерттеген.

"Танымал әлеуметтенуші дәрігер Николас Кристакис пандемиядан кейін не болатынына болжам жасаған.

Дәрігер пандемиядан кейін қайтадан қалыпқа келу үшін 2-3 жыл қажет екенін айтады. Көптеген адам жақынынан айырылып, жұмысынан шығып, балалар мектепке бара алмады - адамдар осы кезеңдерден кейін қалыпқа келеді. (...) Медициналық, биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және экономикалық салдарды қалыпқа келтіру 2023 жылдың соңына дейін жалғасуы мүмкін", - деді профессор.

Фото: Reuters

Пандемия қанша жылға созылады?

Ал Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың қалыпты өмірге оралу үшін кемінде жеті жыл қажет екенін айтады. Оның сөзінше, вакцина өндіру және оны бөлу дұрыс жүрмей жатыр. Бұл туралы Atameken Business телеарнасының сюжетінде айтылған.

"Халықаралық сарапшылардың пікірінше, вакцинацияның қазіргі қарқынымен дүние жүзінің 75 пайызына вакцина салдыру үшін және қалыпты өмірге оралуға кемінде жеті жыл қажет", - деді Досаев.

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, бүгінде күн сайын 4,5 миллион адамға вакцина салынады. Демек, әр адамға вакцинаның екі дозасы салынуы керегін ескере отырып, мыңдаған адамға вакцина салу үшін жеті жыл уақыт қажет екен.

Айта кетейік, АҚШ-та күніне 1,3 миллион адамға вакцина салынса, Израильде халықтың 21 пайызына вакцина салынған.


Фото: Reuters

Ал 12 ақпанда Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова пандемия 7 жылға созылады деген болжам туралы пікір білдірді. Эпидемиолог пандемия тағы жеті жылға созылуы мүмкін деген мәлімдемемен келіспейтінін айтты.

"Себебі көптеген елде халықты иммундау жұмыстары басталды. Яғни пандемия кезінде вирус бір жыл бойы таралуына жол бермейтін иммундық қабат пайда болады. Коронавирус бірден жойылмайды, бірақ халықты COVID-19-ға қарсы жыл сайынғы иммундау сияқты маусым сайын болатын вирустық аурулар санатына өтеді деп ойлаймыз", - деген еді Әсел Қалықова ӨКҚ онлайн-брифингте.

Еске салайық, Worldometers мәліметінше, дүние жүзі бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 110,8 миллионға жетті. Оның ішінде, 85,7 миллион адам аурудан айықса, 2,4 миллион адам қайтыс болды. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.78   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети