ПОДЕЛИТЬСЯ
05 июля 2019 | 09:39
Жұмыстан шыққанда төленетін ақшаны қалай есептейді
ҚР Еңбек кодексіне сәйкес кызметкер жұмыстан өз еркімен шыққан жағдайда өтемақы ала алады. Компания мен жұмысшы арасында есеп айрысу барысында қандай өтемақылар төленуі тиіс? Егер жұмыс беруші қызметкерді жұмыстан босатқан жағдайда, соңғысы өтемақыны толықтай алады ма? Tengrinews.kz тілшісіне адвокат Тлеужан Жұмабекұлы осы сұрақтарға жауап берді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР Еңбек кодексіне сәйкес кызметкер жұмыстан өз еркімен шыққан жағдайда өтемақы ала алады. Компания мен жұмысшы арасында есеп айрысу барысында қандай өтемақылар төленуі тиіс? Егер жұмыс беруші қызметкерді жұмыстан босатқан жағдайда, соңғысы өтемақыны толықтай алады ма? Tengrinews.kz тілшісіне адвокат Тлеужан Жұмабекұлы осы сұрақтарға жауап берді.
Адвокаттың айтуынша, қызметкер жұмысынан шықаннан кейін бір айлық еңбек демалысына тең төлемді ала алады. Ал кейбір мемлекеттік қызметкерлер үш айлық жалақысын алуы мүмкін.
"Егер де қызметкер жұмыс өтілі бір жылға жетпей жұмыстан шығатын болса, онда оған компания мен жұмысшы арасында келісілген шарт бойынша есеп айрысады. Қызметкердің айлығына байланысты төлем төленеді. Еңбек демалысының сомасы шартта көрсетілуі тиіс. Еңбек кодексінде жұмыстан босатылғаннан кейін төленетін сома нақ белгіленбеген. Онда шарт бойынша шешілетіні көрсетілген. Негізі компания мен қызметкер арасында жұмыс қатынасы екі тарап арасында жасалған шартта көрсетіледі. Қызметкер жұмыстан шығуды ұйғарса, қанша уақыттан кейін жұмыстан кетуі тиіс екені де көрсетілуі керек. Көбінесе компания шарттарында бір ай қосымша жұмыс уақыты көрсетіледі. Яғни қызметкер жұмыстан шығуды ұйғарса, бір ай қосымша жұмыс істеп барып қана шыға алады. Ал кейбір шарттарда бұл мәселе мүлде көрсетілмейді", - дейді маман.
Тлеужан Жұмабекұлының сөзінше, кейбір жұмыс берушілер қосымша бір ай жұмыс істеу кезінде жалақы төлемейді. Бірақ ақысыз қосымша жұмыс заңсыз емес, себебі бұл мәселе де келісім шартта көрсетіледі.
"Дегенмен кейбір жағдайда жұмыстан босатылғаннан кейін қызметкерге жұмыс берушінің тарапынан өтемақы төленбеуі мүмкін. Әрине бұл мәселе де келісімшартта көрселуі тиіс. Негізі өтемақы төленбейтін кездерге қызметкер компанияның белгілеген жұмыс тәртібі мен ережесін орындамаған жағдайды жатқызуға болады. Сондай-ақ белгілі бапқа сүйене отырып, жұмысшының жарамсыз екенін дәлел келе отырып жұмыс беруші өтемақы беруден бас тарта алады. Мысалы қызметкер жұмыс істеп жүріп мекеменің заттарын ұрласа, яғни компанияға зиян келтірген жағдайда да жұмыс беруші өтемақы ретінде төленетін еңбек демалысы төлемін беруден бас тарта алады", - дейді ол.
Сонымен бірге, маманның айтуынша, жұмыстан шықаннан кейін, қызметкерге берілетін төлемақының сомасы жұмыс өтіліне байланысты емес, тек оның ай сайынғы алатын жалақысына қарай белгіленеді. Адвокаттың сөзінше, қысқартуға ұшыраған қызметкерлерге кейбір жұмыс берушілер үш айға дейін жалақы төлейді. Ал өз еркімен жұмыстан шығатындар еңбек демалысына төленетін сомаға тең өтемақы алады.
Осы кезекте жұмыстан шыққан кезде берілетін еңбек демалысына тең өтемақыны есептеп көрейік. Заңгер Ерлан Ерболатұлы тілшімізге берген сұхбатында 150 000 теңге жалақы алатын қазақстандықты мысалға алып, демалыс ақысын есептеп берген еді.
"Қызметкер жұмысқа 2018 жылдың 24 сәуірінде жұмысқа қабылданды делік, жалақысы - 150 000 теңге. Жұмыс кестесі - бес күндік, жалпы алғанда - 40 сағат. 24 күнге созылған жыл сайынғы демалыс ақысы оған 2019 жылдың 25 сәуірінен бастап қана беріледі. Себебі қызметкер бір жылдық қызметін өтеп болды. Енді бір күндік орташа ақысын есептеуіміз керек:
150 000*12 = 1 800 000 (2018 жылдың сәуірінен 2019 жылдың сәуір аралығында аударылған жалақы)
Осы мерзімдегі жиынтық сома: 1 800 000 теңге
Осы уақыт аралығында өтелген жұмыс күндерінің саны: 244 күн
Бір күндік орташа ақы: 7377, 05 теңге
Еңбек демалысы кезіндегі нақты жұмыс күндерінің саны: 14
Сонда демалыс ақысы: 7377, 05 теңге * 14 күн = 103 278,7 теңге
Ол сомадан шегеріледі: міндеттелген зейнетақы жарнасы: 10 327,87 теңге
Ол сомадан шегеріледі: жеке табыс салығы: 6 466,68 теңге Осылайша қызметкер бас-аяғы 86 484,15 теңге алады.
Оқи отырыңыз:
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также