13 апреля 2018 | 12:50

Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күні. Шоу-бизнестегі жұбы жарасқан берік отбасылар

© Tengrinews.kz коллажы

15 сәуір - Қазақстанда "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күні". Бұл күні жастар бір-біріне ыстық ықыласын білдіріп, сый тартады. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі отандық шоу-бизнестегі Қозы мен Баяндар қалай танысып, отбасы құрғаны жайлы материал ұсынады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

15 сәуір - Қазақстанда "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күні". Бұл күні жастар бір-біріне ыстық ықыласын білдіріп, сый тартады. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі отандық шоу-бизнестегі Қозы мен Баяндар қалай танысып, отбасы құрғаны жайлы материал ұсынады. 

Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина

Реклама
Реклама

Қыдырәлі Болмановтың айтуынша, олар Жезқазғанда тойда танысқан. "Қарақатты сол кезде көріп қалдым. Екеуміз жерлеспіз ғой, Жезқазғаннан. Содан кейін сөйлесіп, араласып, отбасын құрдық", - дейді Қыдырәлі Болманов.


Қыдырәлі мен Қарақат

Сондай-ақ, Қарақаттың айтуынша, 1 желтоқсан жұлдызды отбасы үшін елеулі күн екен. Себебі сол күні әнші болашақ жарын алғаш рет тойда көрген. "Қыдыр екеуіміздің танысқан күніміз есімде бар. 1996 жылдың 1 желтоқсаны. Бәрі есімде. Алматыдағы "Екі жұлдыз" мейрамханасында тойда жолықтық. Екеуімізді жолықтырған жаратқанға, табыстырған тағыдырыма ризамын", - дейді Қарақат Әбілдина сұхбаттарының бірінде.

Еске сала кетейік, былтыр мамыр айында Қыдырәлі мен Қарақаттың бесінші баласы дүниеге келген болатын. 2017 жылы Қарақат Әбілдина қыз босанып, оған Аяла есімін қойған еді.  Жұлдызды жұп 1999 жылы отбасы құрған. 


© Instagram/karakat_a

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас былтыр қазан айында ғана әйелі Жұлдыз Әбдукәрімованы тұңғыш рет ел алдына алып шыққан болатын.

Жұлдызды жұп "Арман..." (орысша атауы "Когда ангелы спят") атты фильмнің таныстырылымына келген еді. Кейінірек Жұлдыз Әбдукәрімова әншімен қалай танысқанын айтып берген болатын. Оның айтуынша, олар 2007 жылдың жазынан кездесе бастаған.

"Жаз... Маусым айы...Махаббат, романтика, бақыттымыз, ойда ештеңе жоқ. Сол кезде 18-19 жаста едік, ештеңе ойламадық, қарым-қатынастың не екенін дұрыс түсінбей жүрдік, тек бір-бірімізді сүйіп, бірге болғымыз келді. Онымен бірге басқа қалаға кетіп, басқа өмірді бастап, бақытты болғымыз келді. Өзгелердің пікірін тыңдағымыз келмеді. Біз үшін бастысы - ата-аналарымыздың бізді қолдап, шешімімізді қабылдауы болды.", - деп жазған еді Жұлдыз Әбдукәрімова.

Қазіргі уақытта жұлдызды жұптың екі ұлы және екі қызы бар.


© Instagram/kair_n

Жанболат пен Жазира

Жұлдызды дуэт Алматыда студенттік кезде танысқан екен. Жазира Байырбекованың айтуынша, болашақ жары оған сезімін бірден білдірмеген.


Жанболат пен Жазира

Бастапқыда Жанболат оған ағасындай болып, қамқорлық көрсетіп жүрген екен. Осылайша, олардың таныстығы махаббатқа ұласқан. "Бақыт деген қыз баласы үшін отбасын құрып адал жар болу, ұрпақ тәрбиелеу деп түсінемін. Мен бұл бақытты қадамға 1996 жылы 7 маусым күні ниет білдірдім. Яғни, бұл - біздің отбасын құрған күніміз. Содан бері жұбымыз жазылмай бірге келе жатырмыз, Аллаға шүкір айтамын", - деген Жазира осыған дейін берген сұхбаттарының бірінде.


Ашық дереккөздерден алынған сурет

Бүркіт пен Аиша

Жұлдызды жұп Бүркіттің туған күнінде танысқан екен. Ол кезде әнші Бүркіттің басқа сүйіктісі болыпты. Алайда Аишаны көрген Бүркіт сол кездегі сүйіктісін ұмытып кеткен. Сұхбаттарының бірінде Бүркіт Аишаға бір көргеннен ғашық болғанын айтады. 


Ашық дереккөздер алынған сурет

"Дегенмен жас айырмашылығы байқалады. Мен одан 12 жасқа үлкенмін ғой. Бірақ мен Аишамен әрдайым ақылдасамын. Бізде тәрбие маңызды рөл атқарады. Әкем мен анамның қалай бірге өмір сүргенін көрдім, соны біз де қайталап жатырмыз", - деген еді Бүркіт осыған дейінгі сұхбаттарының бірінде. 


© Instagram/berqut_qazaqstan

Айта кетейік, жұлдызды топ 2010 жылы отау құрған еді. Олардың екі ұлы бар. Ал қазір Аиша үшінші балаларына жүкті.

Арман Қоңырбаев пен Аша Матай

Жұлдызды топ үйлену тойын 2015 жылдың 25 қыркүйегінде өткізген болатын. Ал 2016 жылдың қазанында Аша Матай қызды болып, ана атанған еді. 


© Instagram/asha_matai

"Екеуміз бір-бірімізді бір көргеннен ғашық болдық деп айта алмаймын. Бірге жұмыс істеген телеарнада таныстық. Ол сұхбатқа келген екен. Ал мен сол кезде "Қалайсың?" интерактив шоуын жүргізіп жаттым. Бірде дәлізде бетпе-бет кездесіп қалдық. Мен оны сол кезде тым жас жігіт деп санадым. Ол мен үшін тек Mysterions тобының солисі болатын. Сол топтағы жігіттер менен айтарлықтай кіші деп ойлайтынмын. Бірақ мен Арманға тұрмысқа шығып, балалы боламыз деп мүлде ойламадым. Ол да осылай болады деп ойламаған да. Кейін екеуіміз "Сынақ" бағдарламасында кездесіп қалдық. Сол кезде мен одан әзілдеп "Қыздарың қалай?" деп сұрайтынмын. Себебі біз қалада өтіп жатқан кештерде жиі кездесіп қалатынбыз. Содан бір күні құрбым "екеуіңді қосайын" деп ұсыныс жасайды. Осылай ол маған нағыз ер адам әрі байсалды жігіт ретінде ұнай бастады", - деген еді Аша Матай былтыр қыркүйек айында The Эфир жобасына берген сұхбатында.


© Instagram.com/asha_matai

 Тоқтар мен Бейбіт

Жұлдызды топ сұхбаттарының бірінде шаңырақ құруға олардың бірге дуэт болып өнер көрсетуі бастама болғанын айтады. Бейбіт Сейдуәлиеваның айтуынша, олар 2002 жылы алғаш рет дуэт болып сахнаға шыққан.


Тоқтар мен Бейбіт, 2007 жыл. © neke.kz

"Менің ән айтуым, даусым Тоқтарға ұнапты. Тоқтар екеуміз сол кеште таныстық. Осылайша, 2002 жылдың 14 сәуірінде Бейбіт Сейдуәлиева Тоқтар Серіковтің алғашқы шығармашылық кешінде бірге сахнаға шығып, осыдан кейін жақсы араласа бастаған. Айтуынша, жарты жыл уақыттай "Тоқтар аға" дей айтып жүрген. Кейіннен 2007 жылы жұлдызды топ шаңырақ көтерген. 


© Instagram/saken_maigaziyev

Естеріңізге сала кетейік, Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиеваның Беколжас есімді ұлы және 2015 жылы дүниеге келген егіз ұлы бар. 

 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная