17 октября 2018 | 10:46

Мысырдағы дауншифтинг. Елден көшіп кеткен қазақ қызының өмірі

Сурет жеке мұрағаттан

28 жастағы Ажар Ысқақованың Мысырға көшіп кеткеніне үш жыл өтті. Алматыда туып-өскен оның таңдауы Қызыл теңіздің батыс жағалауындағы Хургада қаласына түсіпті. Айтуынша, бастапқыда бұл елге демалуға барған, кейін ұнаған соң көшіп келуді ұйғарыпты. Ел жайлы көзқарасы, карьерасы және қазақстандық туристердің демалу мәдениеті жайлы ол Tengrinews.kz тілшісіне баяндап берді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

28 жастағы Ажар Ысқақованың Мысырға көшіп кеткеніне үш жыл өтті. Алматыда туып-өскен оның таңдауы Қызыл теңіздің батыс жағалауындағы Хургада қаласына түсіпті. Айтуынша, бастапқыда бұл елге демалуға барған, кейін ұнаған соң көшіп келуді ұйғарыпты. Ел жайлы көзқарасы, карьерасы және қазақстандық туристердің демалу мәдениеті жайлы ол Tengrinews.kz тілшісіне баяндап берді. 

Араб, ағылшын, орыс, қазақ тілдерін жетік меңгерген маман Қазақстаннан неге көшіп кеткенін түсіндірді.

Реклама
Реклама

"Бұл жаққа келуімнің басты себебі жұмыстың табылғаны. PR саласында болғандығымнан жұмыс әр салада, әр елге түседі. Сондықтан бұл елге келуім тікелей жұмысыма байланысты. Мамандығым - эколог. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология факультетін тәмамдағанмын. Магистратураны география факультетінде оқыдым", - дейді Ажар.


Жеке мұрағаттан

Мысырға келе салғандағы бірінші кезектегі мәселе менталитет пен өмір ырғағы болыпты. Себебі, оның пікірінше, қазақстандықтар мен мысырлықтардың менталитеті өзгеше, басқаша ойлайды. "Мысырлықтар өте сабырлы, әр жағдайда рухани байлық пен құндылықты алғашқы орынға қояды. Өте қайырымды халық дер едім, көмектесуге әзір тұрады. Адасып кетсең, тіпті үйіңе дейін жеткізіп салады. Қазақтармен ұқсастығына тоқталсақ, бұл халық та жалқау, әрдайым кешігіп жүреді. Ал өмір ырғағына келер болсақ, Алматы бұл елге қарағанда үлкен қала болғандықтан, тіршілігі қауырт. Мұнда болса, Хургадада асықпайсың, түске дейін бұл халық қандай да бір мәселені шешуге тырысып жатпайды. Байыппен, сабырмен өтетін тіршілік, өзім күндіз демалып, бар істі түстен кейінгі уақытта жасайтын адам болғандықтан, маған мұндай өмір салты тіпті жақты", - деген ол Мысыр халқының өмірі жайлы баяндады. 


© pixabay.com

Мұнда туристік қала болғандықтан, ешкімге де ешқандай шектеу қойылмайды. Не кием, қалай өмір сүрем десең де өз қалауың. Ал басқа аймақтарда белгілі бір шектеулер бар екен. "Мешітке мәселен қысқа шорты мен майка киіп бармайсыз ғой, сол секілді мұнда да өзіндік ережелері бар", - дейді Ажар. 

Оның айтуынша, Қазақстан мен Мысыр халықтарының табысында айырмашылық көп. Біріншіден, табыс көзі, бұл елде табыс көбіне туризмнен түседі, халқы да туристерге қызмет көрсету саласында нәпақа табады.

"Мысырлықтардың табысын қазақстандықтардың кірісімен салыстырғанда төмен, бірақ шығыны да көп емес. Мәселен мұнда пәтер жалдасаңыз айына 100 доллар бересіз, бұл коммуналдық қызмет ақыларын қосқандағы орташа бағасы. Жалақыңыз 300 доллар болса, өзгелермен терезеңіз тең жағдайда өмір сүре бересіз. Мысырлықтың айлық табысы 100-150 доллар, ал жағдайы жақсы жұмыс болса, мәселен туристік қала ретінде Хургадада 200 доллардан жоғары табуға мүмкіндік бар", - дейді ол. Әрине, мұнда жұмыс істеп жатқан шетелдіктердің жалақысы жоғары", - дейді ол.


Жеке мұрағаттан

Ажардың айтуынша, бұл елде баспана сатып алу оңай. "Ешқандай да қиындығы жоқ, құжат рәсімдеудегі қағазбастылыққа, яғни жылжымайтын мүлік иесі болуға рұқсат беретін green-келісімшартқа көз жұмып қарайтын болсақ, мұнда баспана аламын деген адам діттеген мақсатына оңай жетеді. Оған себеп - пәтерлердің арзандығы. Таңғалдырайын, жақсы аудандағы екі бөлмелі пәтердің құны 4 мың АҚШ доллары, бұл қысқа мерзімді науқан болды. Мұнда пәтер құны теңізге қашықтығына қатысты болады. Қашық болса - арзан, жақын болса, сәйкесінше, қымбатырақ. 30-40 мың долларға теңізге жақын, жағдайы жақсы, тиімді жерде орналасқан, терезеден керемет көрініс ашылатын екі бөлмелі патер сатып ала аласыз", - деп әңгімеледі Қазақстан тумасы елдегі жағдай жайлы.


© pixabay.com

Мысырда қаланың барлық дерлік ауданында салынып бітпеген, бірақ адамдар тұрып жатқан үйлерді көзіміз шалып қалды. Мұның себебін Ажар салынып бітпеген үйдің салығы аз болатындығымен түсіндірді. Сондай-ақ, елде жауын-шашын өте сирек түсіп, осы себептен де шатыры мен төбесі жоқ үйлер көп екен.


© pixabay.com

Халқының саны 100 миллионға жуық елде мысырлықтардың арнайы көшіп келіп жатқандарға деген еш қарсылығы жоқ. "Ешқандай қысым жоқ, ұлтыңа, еліңе, көзқарасыңа және дініңе қатысты ешкім де сұқтанып, қарсылық білдірмейді. Мұнда келетін қазақстандықтар демалуды біледі, әрдайым қызықты жерлерге барып, белсенді сауда жасап, әрдайым жаңа дүние білуге құмар", - дейді ол.


Жеке мұрағаттан

Туризм саласындағы маман болғандықтан Мысырға келетін қазақстандықтарға берер кеңестері де бар екен: 

"Бірінші кезекте мұнда жүргенде саудаласа білу керек. Мұнда көбінесе тауардың бағасы жазылып тұрмайды. Сондықтан, саудалассаңыз 50-ден 70 пайызға дейін тауар бағасын арзандатуға болады. Тағы бір кеңес - араб тілінде бірнеше сөз жаттап алсаңыз, халқы мұныңызды жылы қабылдайды. Айтпақшы, мұндағы саудагерлер затын өткізу үшін мазаңызды алуға да баруы мүмкін, ондай жағдайда дөрекі сөйлемеңіз, екі-үш рет сыпайы түрде ғана "Жоқ, рақмет" деп өтсеңіз, өздері-ақ затын сатып алмайтыныңызды ұғып, қалып қояды. Әйтпесе ұсынысына дөрекілікпен жауап қатқан адамға ренжіп, өкпелеп қалады. Мұнда бастысы, көрсеткен қызметі үшін бұл елде шайпұл беру үрдіске айналған. Әуежайдан түскен бетте жүгіңізді көтеріп, көлікке дейін апарып тастайтындар табыла кетеді, ондай жағдайда ары кетсе 1 доллар берсеңіз болады. Қонақүйге де кіргенде жүгіңізді көтеріп, жол сілтеп, кеңесін беретін қызметшілерге бір-екі доллар бересіз. 

Осылай деген Ажар болашақта Қазақстанға ораламын дейді.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная