Қарсы емеспіз, әр кім істеген ісіне жауап беруге тиіс. бірақ, соны жазаламақшы болып жүргендердің өзі сол күнәдан таза болсағой. Иса пайғамбардың кезінде бір жезөкше қызды халық таспен ұрып өлтірмекші болады, бірақ оларға Иса қайсыларың бейкүнә болсаңдар солар тас атсын дегенде біреуі де баралмайды. содан аман қалған қыз Жаратқаннан кешірім сұрап, тура жолға түседі. Мүмкін есін жияр, халықтың аманатын ата жұртымен қосылып бірге қайтарар деген үміттеміз.
Ия таяқтың екы жағы бар. Халықтың да зары жетерлік еді. Талай жастар қай жағы болмасын күнәсіз кетті. Иманды болсын. Осыны өз пайдасына пайдаланғандар да аз емес. Бірақ, себепсіз еш нәрсе болмайды ғой. Осының арқасында мына Мемлекеттегі қазіргі болып жатқан біраз өзгерістер.
Жеке касіпкерледің әлеуметтік төлемдерін қалдырып, басқа салықтан мүлдем босату керек. Ауыл шаруашылығына көбірек көңіл бөліңіз. Аш адамға балық емес қармақ бер дегендей жаппай жұмысқа ауылдарға жіберіңіз. Қазақстан халқы қорының ақшасын бекер талан таражға түсірмей, өкімет өз қатысуымен жұмыс орындар ашсын. Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей.
Не деген жаксы жаңалық. Аллаға мың шүкір Сіздей азаматты жаратқан. Мың алғыс Сіздің Ата-Анаңызға.Рахмет Сізге, аман болыңыз. Жетістіктеріңіз көп болсын. Алла Сізге өзіңіз сияқты саналы ұрпақ берсін.
Айтылған сөз атылған оқ. Бәле тілден. Сабырлық сақтап, абайлап сөйлеңіз. Себебі Қазакстан халқының атынан сөйлейсіз. Қорқып асығып жағымпазданам деп, бүкіл халықты қораға тығып жібермеңіздер. Қазір ешкімге сенім жоқ. Біреудің отанын емес, Өз Отанымызды қорғауға күшіміз келмейді, көршіден көмек сұрап.
бұл ақшаны құр талан таражға салмау керек. Әрине қатты қиналып жатқан, өмір мен өлім арасындағы жағдайларда көмек көрсетілсін. Бірақ, аш адамға балық емес қармақ бер дегендей ақшаның көп бөлігін және бұл қордың акшасын ғана емес, өкіметтен қаражаттар бөлініп Халықтың жұмыссыз жүрген, дені сау саналы, жұмыс істеймін деп тұрған адамдарға өндірістер, заводтар, фабрикалар ашылуына жұмсалсын.
кредит алу немесе беру күнә болып саналады. Барлық халықты бешесінен күнәға бату үшін жағдай жасап және батырып түк болмағандай боп отырған үкіметпен банктерге лағнет. Қара беттер, ертең не айтасыңдар Жаратушыға.
төбеңнен Алланың қарап тұрғанын білесің бе. мәнсабың үшін қиналмай ақ қой, оны саған Алла берген сынау үшін. Халықтың көз жасы кешірмейді, жазасы өте ауыр ол жақта.
есте болсын, не істесең де сол өзіңе қайтып солай келеді. жамандық жасасаң таяқ болып, жақсылығың абырой болып келеді. араларындағы екі жүзді, көті гүлді жағымпаздардан арылып, солар сияқты болмай халыкка абыроймен қызмет етілсін. Бәрін көруші,естуші әрі сезуші бір АЛЛАДАН қоркындар.
кімді алдау бұл, халықтың ақшасынан миллиондаған акша бөлінеді екен да еттің бағасын түсіреді. Неге сол түбінен, ауылдағы өндірушіден бастап бағаны реттеп ортадағы алып сатушыларды алып тастамайды. Бұл көрініс көмір мәселесінде де басқа да кездеседі. өз- өзімізді алдауды доғрайық жолдас әкім Сағынтаев.
не сөз ол элита деген? өздерінше сүттің қаймағы болып отырма? атасына нәлет ондай қаймактардың. Адамның адамнан айырмашылығы біліммен, адамгершілігі мен, саналылығы мен және имандылығы мен өлшенеді. Дүние, ұрлық ол дінсіздік деп саналады элита емес.