Әкімдік те адамдар да жетісіп тұрған жоқ. Ей адамдар, неге мәдениеттен жұрдай болдыңдар? Өзің тұратын қала,яғни өз үйің емес пе? Тазалық бар жерде ауру болмайды.
Бұларды сонша бөліп әлдеқандай ететіндей кімдер? Ауырса ауырған шығар. Қаншама халық ауырып жатыр, өліп жатыр. Оларды кім ойлап жатыр? Қара халыққа құдай өзің жар бола көр!!!
Бейбіт заманда кімнің өлгісі келеді, үйде отырып ақылдысыңдар. Сол жігіттің орнында болсаңдар көрер едім не істейтіндеріңдер,батырсымақтар. Қорқыныш адамға тән қасиет.
Асабалардың арандары ашылып кеткен. Әншілер де жетісіп тұрған жоқ, ақша,ақша деп өліп тұрады. Қара жұмыс істеп көріңдер,қарапайым халықты сонда түсінерсіңдер. Нұрсила дұрыс айтқан екен.
Мына жерде жазып шулап жатқандардың басым бөлігі қазақтар. Қазақтың қыздары тым қысқа етек те,хиджаб та кимеген. Қазақтың өзінің ұлттық киімдері болған,хиджаб емес. Заман да өзгеріп жатыр дегендей,асыра сілтеу болмау керек.Қыздарға айтарым етек жеңді көп қысқарта бермеңдер,бүркеніп жүру керек деп те айта алмаймын. Қазақ қызына лайық киініңдер,қазақ екендеріңді ұмытпаңдар.