Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
01 декабря 2021 09:32

"Баяғы Нұрсұлтандарың". Елбасы түлеп ұшқан мектеп туралы не белгілі?

Алихан Сариев Фотокорреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Almaty.tv Фото: Almaty.tv


Алматы облысы, Қарасай ауданы Қаскелең қаласында Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев түлеп ұшқан Абай атындағы орта мектеп-гимназия орналасқан. Елбасы 1958 жылы осы білім ордасын бітіріп шыққан. 

Бүгінде мектепте 1938 оқушы, 154 ұстаз бар. Мектеп біртіндеп цифрландыруға көшіп жатқаны байқалады.

Мысалы кіреберісте оқушылардың сынып кестесін QR-код арқылы білуге болады. Одан бөлек, сабақтар арасындағы үзілісте әдеттегі қоңырау емес, күй ойнайды. 

Білім ордасында үздік оқушылар саны аз емес. Мысалы биылдың өзінде "Алтын белгіге" үміткер тоғыз оқушы бар екен. Мектеп кітапханасында да оқушылар бос уақытында кітап оқып, уақытын пайдалы өткізуі үшін барлық жағдай жасалған.

Абай атындағы орта мектеп-гимназия қаладағы ең көне мектептердің бірі. 1937 жылы негізі қаланған. 2008 жылы қайта жөндеуден өткен. Мектеп сол заманда өлкеде қазақ мектебі жоқ болғандықтан ашылған. Бастапқы кезде мектеп атаусыз болған. Кейіннен 1945 жылы Абай Құнанбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай ақынның есімі берілген. 

Көп кідірмей мектептің екінші қабатына көтерілдік. Ол жерде екі бөлімнен тұратын музей бар.

Бұл - музейдің бірінші бөліміндегі ең құнды жәдігердің бірі. Қазақстанның Еңбек сіңірген суретшісі Тоқболат Тоғысбаев Абай мектебінде 1988 жылы болып, мектепте үш ай бойы жатып, майлы бояумен Абайдың портретін салған. Мектептегі сурет түпнұсқасы. Бұл портретті Әбілхан Қастеев атындағы музей де сұратқан екен.  

Келесі құнды жәдігердің бірі - 1937 жылы мектепте алғаш соғылған қоңырау. 

Одан бөлек, мектепте әр жылдары әртүрлі танымал тұлғалар келіп кездесулер ұйымдастырып, қонақ болып келген. Оның ішінде, Кеңес одағының батыры Талғат Бигелдинов, суретші және киноактриса Гульфайрус Исмаилова, ақын Мұқағали Мақатаев, жазушы Әзілхан Нұршайықов және тағы басқалары бар. Сонымен қатар, 2008 жылы Абай Құнанбаевтың шөберелері мектепке қонақ болған екен. 

Айта кетейік, жазушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі Әди Шәріпов 1937-1938 жылдары мұғалімдік қызметін осы мектептен бастаған екен. 

Музейдің екінші бөлімі Елбасына арналған. Мұнда Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты естеліктер сақталған. 

Бұл "Ғасырлар" деп аталатын монумент. Оны 2008 жылы Елбасы мектепке келген кезінде сыйға тартқан. 

Нұрсұлтан Назарбаев алғаш Президент болғаннан кейін бұл мектепке 1993 жылы келген екен. Ол кезде Абай мектебінің 55 жылдық мерейтойы болған. 

Елбасы музейіндегі құнды заттардың бірі - мектепте 1948 жылдан бері жазылған оқушылардың аттестаты. Сол құжатта Елбасының бағалары да бар.

1957-1958 жылы бітірген түлектердің аттестаттағы бағасы. Назарбаев Нұрсұлтан тізімде 16-шы

Байқасаңыз, Нұрсұлтан Назарбаевтың аттестатында тек бір төрттік, қалғаны бестік баға болған. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптастары Елбасының туған күнінде және басқа да шаралар кезінде бас қосып тұрады екен. 

Музей Президент қорымен тығыз байланысты. Мысалы мына картинаны қор сыйлаған. 

Ал бұл Елбасының өзі тартқан домбырасы. Бұл аспапты да Президент қоры сыйға тартқан. 

Елбасы 2018 жылы сыныптастарымен кездесуге келе алмаған. Бірақ сыныптастарына құттықтау хатын өз қолымен жазып жіберген екен. 

"...Баяғы Нұрсұлтандарың" деп аяқталады хат. 

Мәтін: Сымбат Сатыбалдина
Суреттер: Әлихан Сариев 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети