КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
11 марта 2021 | 11:36

Коронавирус пен пневмония статистикасын біріктіруге не кедергі?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© РИА Новости © РИА Новости

Елімізде коронавирус инфекциясының анықталғанына бір жылға жуықтады. Бүгінде науқас саны 219 мыңнан асты. Одан бөлек, коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырып жатқандар бар. Коронавирус пен пневмония статистикасын біріктіру мәселесі елімізде біраз талқыланды. Ақыры әлі күнге дейін COVID-19 да, пневмония да бөлек есептеліп жүр. Коронавирус пен пневмонияға қатысты деректер неге бірге есептелмейді? Тоқаев бұл туралы не деді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.  

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Елімізде коронавирус инфекциясының анықталғанына бір жылға жуықтады. Бүгінде науқас саны 219 мыңнан асты. Одан бөлек, коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырып жатқандар бар. Коронавирус пен пневмония статистикасын біріктіру мәселесі елімізде біраз талқыланды. Ақыры әлі күнге дейін COVID-19 да, пневмония да бөлек есептеліп жүр. Коронавирус пен пневмонияға қатысты деректер неге бірге есептелмейді? Тоқаев бұл туралы не деді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.  

Белгісіз пневмония туралы алғашқы хабарлар

Белгісіз пневмония туралы ақпарат былтыр шілде айында шетелдік БАҚ-та пайда болды. Хабарламада Қазақстанда коронавирусқа қарағанда өлім деңгейі көп белгісіз пневмония жағдайлары тіркелгені айтылған. Сол кезде Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеген болатын.

"ДДСҰ аурулардың халықаралық классификациясы пневмонияны есептеу кодын енгізген, бұл коронавирус диагнозы клиникалық немесе эпидемиологиялық болған кезде қойылған, мысалы, зақымдалған өкпеде "күңгірт шыны" белгілері бар, бірақ зертханалық расталмаған жағдайды көрсетеді.

Осыған байланысты, Қазақстан әлемнің басқа елдері сияқты пневмонияның бұл түрін есепке алуды және бақылауды жүргізеді, бұл коронавирус инфекциясының таралуын тұрақтандыруға бағытталған уақтылы басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Кейіннен Қытай елшілігі Қазақстандағы белгісіз пневмонияға қатысты ақпаратқа елдің денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен сөйлескеннен соң өзгеріс енгізді. Әңгіме барысында статистиканың қалай жүргізілетіні жөнінде түсініктемелер берілген. 

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаевтың сөзінше, нәтижесінде екі тарап та - Қазақстан да, Қытай да эпидемияға қарсы қызметті объектив ақпарат берудің маңызын және "Қазақстандағы пневмония туралы ақпаратты еркін интерпретациялауға жол бермеу" керегі айтылған.  

Жаз мезгілінде (маусымда) пневмониядан 628 қазақстандық қайтыс болғаны хабарланған. Оның алдындағы алты аймен салыстырғанда былтыр пневмониямен ауру деңгейі 55 пайызға өскен.


Фото: © Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz   

Тоқаев тапсырма берді

Осыған байланысты Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан белгісіз пневмония туралы сұрады.

"Біздің елде статистикамызда ескерілмеген белгісіз пневмонияның қозуына байланысты қандай да бір қауесет пайда болды. Бұл не пневмония, шын мәнінде ол бар ма, жоқ па? Және бұл пневмониядан өлім-жітім қандай?" - деп сұрады Тоқаев денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Цой жауап ретінде статистиканы келтірді.

"2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда пневмонияның 98 546 жағдайы тіркелген, ал 2019 жылы 63 436 жағдай тіркелген. Өсім - 55,4 пайыз", - деді министр.

Цой былтыр бірінші жартыжылдықта пневмониядан 1772 қазақстандық қайтыс болғанын айтты. Ал 2019 жылдың осы кезеңінде аурудан 1780 өлім тіркелген.

"Бірақ 2020 жылдың маусымында пневмониядан болған өлім саны 2,3 есеге артып, 628 оқиғаға жетті. 2019 жылдың маусымында 274 оқиға болған. Яғни маусымда өлім көрсеткіші 2,3 есеге артты", - деп жауап берді денсаулық сақтау министрі.

"1772 - бұл өте жоғары көрсеткіш", - деді Тоқаев.

Президент Денсаулық сақтау министрлігінің күшін пневмониямен күреске де бағыттау керегін айтты. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы не деді?

Көп ұзамай, Қазақстандағы белгісіз пневмония туралы ақпаратқа Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пікір білдірді.

Ұйымның денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының атқарушы директоры Майкл Райан Женевадағы онлайн-брифингте Қазақстандағы жағдайларда "диагностика қате жасалған" деген пікір білдірді.

Артынша БҰҰ сайтында Қазақстандағы ДДҰ бас өкілі Кэролайн Кларинвальдің сұхбаты жарияланды. Сұхбатта Кларинваль елдегі жағдайға байланысты асығыс шешім шығармау керегін айтты.

"Мен дәрігер Райанның айтқанын қайталап айтамын: бұл - COVID-19. Кейбір пациент көмекке кеш жүгінді, оларда пневмония белгілері бар болса, бірақ біз әзірге вирустың бар-жоғын анықтай алмаймыз", - деді ұйым өкілі.

Біріккен статистикаға көшу 1 тамыздан басталады деп жоспарланған болатын. Алайда коронавирус пен пневмонияның статистикасы бір күннен кейін жаңарып, біріккен ақпарат беріле бастады. 

Ал 8 тамызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстандағы ПТР тестілеуі теріс көрсеткен пневмония жағдайларын коронавирус деп мойындап, сайтында статистиканы біріктірді.

Бүгінде коронавирус және пневмония бойынша статистика бөлек беріледі. Оның себебін денсаулық сақтау министрінің сол кездегі өкілі Бағдат Қожахметов былай түсіндірген болатын:

"Бүгінде расында бұл ақпараттарды бөлек береміз. Егер біреуге жалпы сандар қажет болса, оны қарапайым арифметикалық есептеу бойынша есептеуге болады. Одан бөлек, бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы біріккен статистиканы ресми сайтында береді. ДДСҰ талабы бойынша екі код бойынша бөлінді. Біріншісі - коронавирус расталған жағдайлар, екіншісі - ПТР тестінің теріс нәтижесі. Алайда ол мәліметтерді біз біріктірмейміз", - деген еді Бағдат Қожахметов.    

Осылайша бүгінде елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны 219 325-ке жетті. Оның ішінде, 202 694 адам аурудан айықса, 2819 адам қатыс болған. 

Ал коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмониямен ауырғандар саны 49 577-ке жетті, 43 985 адам аурудан айықса, 646 адам қайтыс болған.  

Пандемия жарияланғанына тура бір жыл. Адамзат өмірі қалай өзгерді?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 515.11  course down  535.94  course down  5.16  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer