ПОДЕЛИТЬСЯ
07 июня 2019 | 16:56
Жалақы 150 мың теңгеге дейін. Жазда қай салада жұмыс істеп, ақша табуға болады
Жаз мезгілін демалыстан бөлек, тиімді жұмыстарға арнауды жөн санайтын қазақстандықтарға қосымша табыс көзі артық болмайтыны рас. Оқудан босап, бос уақытында табыс тапқысы келетін оқушылар мен студенттер де аз емес. Tengrinews.kz тілшісі Elite кадр агенттігінің даму жөніндегі директоры Әсел Нұрқасымқызынан жазда қазақстандықтар үшін қай салалардағы жұмыстардың тиімді болатынын және осы мезгілде оқушылар мен студенттердің жұмысқа орналасу мүмкіндігі қандай екенін сұрап білді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жаз мезгілін демалыстан бөлек, тиімді жұмыстарға арнауды жөн санайтын қазақстандықтарға қосымша табыс көзі артық болмайтыны рас. Оқудан босап, бос уақытында табыс тапқысы келетін оқушылар мен студенттер де аз емес. Tengrinews.kz тілшісі Elite кадр агенттігінің даму жөніндегі директоры Әсел Нұрқасымқызынан жазда қазақстандықтар үшін қай салалардағы жұмыстардың тиімді болатынын және осы мезгілде оқушылар мен студенттердің жұмысқа орналасу мүмкіндігі қандай екенін сұрап білді.
Әсел Нұрқасымқызының айтуынша, жазда еңбек нарығында сұраныс әлдеқайда азаяды.
"Жаз - еңбек нарығында сұраныстың бәсеңдейтін кезеңі. Көптеген HR-мамандар және шешім қабылдайтын мамандар еңбек демалысына шығатындықтан, тұрақты қызметкерлер құрамын іріктеу күз мезгілінің басына қалады. Холдингтің деректеріне сүйенетін болсақ, жазда қоғамдық тамақтану, ойын-сауық, туризм, қонақүй және мейрамхана бизнесі, event (мерекелер ұйымдастыру) салаларындағы мамандарға сұраныс артады", - дейді сарапшы.
Оның айтуынша, бұл салаларда төленетін жалақы әртүрлі. Орташа жалақыны белгілейтін болсақ, ол 70 000-150 000 теңге аралығында дейді. Сондай-ақ, сарапшы жаз кезінде жұмысқа орналасқысы келетін оқушылар мен студенттердің саны көбейетінін атады.
"Студенттер мен мектеп оқушылары демалысқа шыққан соң жұмыс іздеушілер саны артады. Студенттер әртүрлі салаларда жұмыс істей алатын болса, оқушылар жұмыс іздемес бұрын әке-шешесінен рұқсатын алуы қажет және де оларға рұқсат етілген салалар шектеулі екенін айта кету керек", - деп ескертеді маман.
Әсел Нұрқасымқызы оқушыларға жұмысқа орналасу кезінде белгілі бір талаптар қойылатынын еске салады.
"Оқушыларға қойылатын талаптарға тоқталатын болсақ, олар 14 пен 16 жас аралығында болуы қажет және апталық жұмыс уақыты 24 сағаттан аспауы керек. Бұл туралы Еңбек кодексінде айтылады. Егер 14 жасқа толмаған балалар жұмыс істеуге ниет білдірсе, оларға тек қана кинематография, театр және цирк салаларында жұмыс істеуге рұқсат етілген. Ал студенттер көбіне тек уақытша жұмыс іздейтіндіктен, қонақүй және мейрамхана бизнесі саласында оларға жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар", - дейді маман.
Cарапшының айтуынша, әр кандидаттың жұмыс кестесі тек жұмыс берушімен талқыланатын болғандықтан, студенттердің орташа жалақысы (холдинг мамандарының зерттеуі бойынша) 50 000 - 70 000 теңге аралығында. Дегенмен мамандар кез келген жұмыстың, тіпті уақытша болсын, жаңа білім мен тәжірибе алуға мүмкіндік беретінін айтады.
Оқи отырыңыз:
Қазақстандықтардың түйіндеме толтырғанда жиі жіберетін қателіктері
Вопрос от автора
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также