ПОДЕЛИТЬСЯ
31 мая 2019 | 17:25
Бастан күн өткенде не істеу керек - Дәрігер нұсқауы
Ауа температурасының жоғарылауы және ылғал ауа кей жағдайда денсаулыққа кері әсерін тигізуі. Сондықтан дәрігерлер күнге күйіп, суға шомылудан төнетін қауіп-қатерлерді ескеруге кеңес береді. Tengrinews.kz тілшісі кардиолог, терапевт Айман Меңдіғалиқызынан күн өтіп кетудің қаншалықты қауіпті екенін және кімдерге күнге күюдің қаупі жоғары екенін сұрап білді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ауа температурасының жоғарылауы және ылғал ауа кей жағдайда денсаулыққа кері әсерін тигізуі. Сондықтан дәрігерлер күнге күйіп, суға шомылудан төнетін қауіп-қатерлерді ескеруге кеңес береді. Tengrinews.kz тілшісі кардиолог, терапевт Айман Меңдіғалиқызынан күн өтіп кетудің қаншалықты қауіпті екенін және кімдерге күнге күюдің қаупі жоғары екенін сұрап білді.
Айман Меңдіғалиқызының айтуынша, күн өту тек жаздың ыстық күндері ғана болмайды, ыстық, ауасы жоқ бөлмеде ұзақ отырып та денеден ыстық өтуі мүмкін.
"Күн өтіп кету дегеніміз ол ағзадағы жылу алмасу процесінің бұзылуы. Оған жаздың аптап ыстығынан басқа, ыстық монша, қапырық бөлме немесе қоғамдық көлік себеп болуы мүмкін. Медицинада оны гелиоз деп атайды. Гелиоз өлімге апаруы да мүмкін. Сондықтан күн өтіп кеткенін сезген жағдайда немесе дене қызуы бірден жоғарылап кеткен жағдайда жедел жәрдем қызметін шақыру керек. Аптапта әсіресе, егде жастағы және кішкентай балаларға күн астында көп жүру өте қауіпті", - дейді дәрігер.
Маманның айтуынша, олардың табиғи термореттеу механизмі бірқалыпты жұмыс істемейді, сондықтан осы санаттағы адамдардың иммунитеті басқаларына қарағанда төмен болады.
"Ауа температурасы жоғарылаған кезде ми қаң тамырлары мен лимфа тамырлары кеңейіп, ми қысылып қалады. Нәтижесінде гипоксия пайда болады, яғни оттегі жетіспейді. Бұл адам өміріне өте қауіпті. Бұдан бөлек, нейрондардың қызметі бұзылып, метаболизм дұрыс жұмыс істемейді. Сонымен қатар, күн өтіп кеткен адамның жүйке жүйесі қызметі, қан айналымының қызметі бұзылып, тер бөліну процесі бұзылады. Нәтижесінде адам тіпті дұрыс тыныс ала алмайды. Оның салдары қорқынышты болуы мүмкін - жүрегі тоқтап немесе тыныс алу жүйесі қиындайды", - дейді Айман Меңдіғалиқызы.
Дәрігердің айтуынша, бастан күн өтудің үш деңгейі болады.
"Бірінші деңгейінде адам есін біледі, тек әлсіз болып, басы ауырып, лоқсиды. Бірақ олардың көз қарашығы бірден кеңейіп кетеді. Бұл ретте басыңа суық компресс қою керек. Ал орта деңгейде науқастардың дене қызуы көтеріліп, басы одан да қатты ауырады. Көп жағдайда мұрны қанап кетеді. Дене температурасы болса 39-40 градусқа көтеріледі. Күн өтіп кетудің ауыр формасында адамның беті жанып, қып-қызыл болып тұрады да кейін түрі бозарып кетеді. Дене қызуы 41-42 градусқа дейін көтеріледі", - дейді маман.
Осы ретте дәрігер артық салмағы бар, жүрек-қан тамыр ауруларына шалдыққан, гипертония немесе эндокрин ауруларымен ауыратындарға да абай болуға кеңес берді. Сондай-ақ, айтуынша. темекі, алкоголь, стресс те күн өтіп кету қаупін жоғарылататын фактор болуы мүмкін.
Күн өтіп кетудің алдын алу үшін мынаны есте сақтау қажет:
- Сағат 11.00-16.00 арасында күн астында ұзақ жүру қауіпті;
- Әрдайым баскиім киіп, ұзын жеңді киім киген жөн;
- Ағза күн астында ылғалды тез жоғалтады, тері тез құрғайды, сондықтан көбірек су ішу керек;
- Күннен қорғайтын арнайы косметиканы пайдалану керек;
- Шөлді қандыру үшін кофе немесе газдалған сусын ішуге тыйым салынады;
- Көп тамақтанбаған жөн.
Оқи отырыңыз:
"Тоя тамақтанбаңыз". Маман ыстықтан қалай қорғану керектігін айтты
Маман қандай адамдарға күнге ұзақ уақыт күю қауіпті екенін айтты
Показать комментарии
Читайте также