Құрметті Министр! Кешеден бері биыл мектеп бітірген баламның құжаттарын жоғарғы оқу орнына тапсыра алмай жатырмыз. egov базасы ҰБТ нәтижесі тіркелмеген және мектептің өзі тіркелмеген деген мәлімет береді. Тестцентр телефоны жауап бермейді. Не істеуге болады?
Күзетшінің қандай кінәсі бар? Ол өзінің жанұясын асырау үшін міндетін атқарып отырған жоқ па? Еріккенінен бетперде тағуды талап еткен жоқ қой? Бәріміз дүкендер мен өзге қоғамдық орынға кірерде бетперде тағамыз. Ол қазіргі карантин кезіндегі маңызды талап емес пе!? Күзетшіні бетперде ки дегені үшін ұруға ешкімнің де құқығы жоқ деп санаймын! Бұл жайт бойынша дер кезінде қатаң шара қолдагылмаса, елдегі барлық күзетшілердің соққыға жығылмастарына кім кепіл бола алады? Кінәлі адамдарды қатаң жазаға тарту керек деп есептеймін.
Қауіпті індет екенін біле тұра, қарамағындағы қызметкерлердің өміріне салғырт қарағандықтары үшін сөгіс жариялау өте жеңіл жаза деп санаймын. Елімізде дәрігерлер алдыңғы шепте арпалыс үстінде, сонда оларға басшының салғырттығы салдарынан ауру жұғу сөгіске ғана сай болды ма?
Вирус кең етек жайған мемлекеттерден келмекші ғой. Бұл ойындарды елімізде өткізу қазіргі таңда үлкен қателік сияқты. Меніңше дұрыс шешім емес. Елді індеттен аман алып қалуға шараларды ұлғайтқан жөн.
ол жақтан бағалы кенмен қоса тағы да коронавирус сияқты індет әкелу қаупі неше пайыз екен? Айда микротіршіліктер бар-жоқтығы толық зерттелген жоқ қой әлі. Меніңше бұл қауіпті бастама. Бұл тек менің ойым ғана.
Өте дұрыс айттыңыз!!! Бос сөзбен хайп жинағандарға көңіліңіз бен уақыттарыңызды бөлмеңіздер. "Ит үреді, керуен көшеді" деген бабаларымыз. Істеріңізге сәттілік тілеймін!
Биылғы жылдан бастап мемлекетіміз медицина саласына грантты аямай беруі тиіс деп санаймын. Мына індетпен күрес Елімізге көп дәрігерлер қажет екендігін көрсетті.
Ағайындар! ЭЦП деген ол Сіздердің қол қойғандарыңыз. Бірақ электрондық күйде. ЭЦП ешкімге бермеңіздер. Ертең сол ЭЦП арқылы аттарыңыздан бөгде біреулер қол қоюлары мүмкін. Сақ болыңыздар.