Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
01 сентября 2018 14:00

Отандық жұлдыздардың мектеп кезіндегі суреттері

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

1 қыркүйек - Білім күніне орай Tengrinews.kz тілшісі үнемі жұрттың назарында жүретін отандық жұлдыздардың әлеуметтік желілерде жыл бойы жариялаған мектеп кезіндегі суреттерін ұсынады.


1 қыркүйек - Білім күніне орай Tengrinews.kz тілшісі үнемі жұрттың назарында жүретін отандық жұлдыздардың әлеуметтік желілерде жыл бойы жариялаған мектеп кезіндегі суреттерін ұсынады.

Димаш Құдайберген

"Қазақстан, Ақтөбе қаласы, 32-мектеп гимназиясы, 1-сынып. 2, 3, 4 деген баға алатын балалар, жаман балалар, деп ойлайтын кезім. Мектепте ұнатып қалған қыз үшін ұлдармен төбелесетін кез ғой! Бақытты балалық шағым үшін: ата-анама, мектебіме, ұстаздарыма рақмет!!!! Ностальгия...", - деп жазған әнші жариялаған суретінің сипаттамасына.

Қазақстандық әншінің жұлдызды жолы Қытайдағы I am a Sınger жобасынан басталған еді. Әншінің дарынына отандастары ғана емес, сондай-ақ, Лара Фабиан және Джеки Чан сынды әлемдік жұлдыздар да тәнті болған еді.

Бұдан бөлек Димаш Құдайберген "Славян базары-2015" байқауында бас жүлде жеңіп алған болатын.

Әсел Сәдуақасова

Отандық әнші әрі актриса Әсел Сәдуақасова өнер жолын "Дауыс International" тобынан бастаған еді.

Қазіргі уақытта қазақстандық актриса түрлі жанрдағы картиналар мен сериалдарға түсіп жатыр, олардың көбі комедия жанрында десе болады. Мысалы, "Побег из аула" (2-маусым), "Замуж в 30", "Адель", "Жена не стена", "Келинка тоже человек", "5 причин не влюбиться в казаха (2017)" және тағы басқалары.

Сондай-ақ, былтыр Нұрсұлтан Назарбаев Әсел Сәдуақасованы "Құрмет" орденімен марапаттаған еді.

Мақпал Исабекова

Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова өнер жолын SuperStar KZ телевизиялық жобасында бастаған еді. Ол жобаның 7-кезеңінде шығып қалған болатын. Жобадан кейін Мақпал продюсер Эрик Тастамбековтің көмегімен мансабын жалғастырды. Сондай-ақ, ол Юрмалада жылда болатын "Новая волна 2005" байқауына қатысқан.

Айқын Төлепберген

SuperStar KZ жобасы арқылы танылған жұлдыздардың бірі Айқын Төлепберген мектеп кезіндегі суретін жариялап, сипаттамасына "15-тегі жігіт..." деп жазып қойыпты.

Қазақстандық жастардың сүйіктісі Айқынның репертуарында көптеген хитті атап өтуге болады. Мысалы, "Пах-пах", "Жалғыз сен", "Алтыным", "Как дела?", "Асылым", "Ерке қыз" және тағы басқалары.

Сондай-ақ, Айқын "Новая волна" халықаралық байқауының лауреаты (2006 жылы), "Алматы жүрегімде" фестивалінің Бас жүлде иегері (2009 жылы), EMA Muzzone Awards музыкалық марапаттауында түрлі жүлде иеленген.

Луина

Қазақстандық әнші Луина да мектеп қабырғасында жүрген кезіндегі суретін жариялады. Әнші Луина осыдан үш жыл бұрын Rising Star Turkey байқауына қатысып, танымал бола бастаған еді. Ол қазіргі уақытта "Луна", "Неге жаным", "Қалайша" әндерімен танымал.

Cондай-ақ, Луина 2010 жылы "Х-фактор "жобасына қатысқан болатын.

Данияр Өтеген

RinGo тобының мүшесі Данияр Өтеген де әлеуметтік желідегі парақшасында балалық шағындағы суретін жариялапты. Айта кетейік, танымал топ Turkvizyon байқауына қатысып, жартылай финалға өтіп, ақырында 12 орындаушының арасынан 9-орынға қол жеткізген болатын.

 Аружан Жазылбекова

Қазақстандық актриса әрі модель Аружан Жазылбекова "Алтын Орда" сериалында басты рольдердің бірінде ойнаған еді. Сондай-ақ, ол бірнеше отандық фильмдерге түскен болатын. Олардың қатарында "Дорога домой", "Свадьба на троих", "Операция Махаббат" фильмдері бар.

 Алмас Кішкенбаев

Қызылорда тумасы Алмас Кішкенбаев 2004 жылы Super Star KZ байқауына қатысып, танымал болды. Кейінірек әнші "Қазақстан дауысы" жобасында төрелік еткен еді.

Әсел Сағатова

Қазақстандық танымал актриса, тележүргізуші Әсел Сағатова да бала күнгі суретін жариялады.  Ол "Махаббат тәлкегі", "Рекетир", "Мәңгүрт" фильмдерінде басты рөлдерде ойнаған. 


Сағатованың ағасы, Әсел және анасы.

Отандық актриса 9-сыныптан бастап жарнама роликтеріне түсе бастаған.

 Жұлдыз Өмірғали

"КешYOU" тобының экс-солисі Жұлдыз Өмірғалидің оқушы кезіндегі суреті Желіде қызу талқыланған еді. Қолданушылардың  бірі екі фотода айтарлықтай айырмашылық жоқ екенін алға тартса, енді біреулері Жұлдызды танымай қалғанын жазған еді.

Айта кетейік, таяуда әнші жоғары оқу орнын аяқтап, сүйінші сұраған еді. "(...) Магистратураға тапсырып койдым, енді ақшасын шығару керек", - деп жазған еді Жұлдыз Instagram желісіндегі парақшасында.

Айгүл Иманбаева

Отандық актриса Айгүл Иманбаева 2001 жылы Хабар арнасындағы "Ұят болмасын" бағдарламасының жүргізген еді.

Сондай-ақ, актриса театр қабырғасында түрлі образды сомдаған. Мысалы, "Қыз Жібек" спектаклінде "Жібек" ролінде ойнады. Сондай-ақ, "Пай, пай, жас жұбайлар ай", Таланған тағдыр", "Алма бағы", "Желтоқсан желі" сияқты спектакльдерде ойнаған.

Жұлдыз Әбдікәрімова

Қазақстандық белгілі әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова "Арман/Когда ангелы спят" картинасында басты рөлде ойнаған еді. Фильмде әншінің өзі де бой көрсетеді. Дәл осы фильмнің таныстырылымында Қайрат Нұртастың әйелі тұңғыш рет ел алдына шыққан еді. Кейінірек актриса тағы бір фильмге түсетінін мәлімдеген еді.

"Қайырлы таң! Кішкентай Жұлдыз #1сынып #арxив", - деп жазған суреттің сипаттамасына Жұлдыз Әбдікәрімова.

Асқар Жүнісбеков

"Мені тап?" деген сурет))" деп жазған суреттің сипаттамасына әнші Асқар Жүнісбеков.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Асқар Жүнісбековтің алғашқы "Періштем" деп аталатын бейнебаяны бірден тыңдармандар назарына іліккен еді. Хитке айналған ән көңілді отырыстарда жиі орындалатын болды. Одан кейін әншінің орындауындағы "Хат жазып тұр", "Толғанай", "Сен қасымда болмасаң", "Жаса, Қазақстан" әндері ел көңілінен шыққан болатын.

Бүркіт

Қазақстандық танымал әнші Бүркіт (Айбек Сейітов) алғаш рет сахнаға 2003-2004 жылдары шыққан еді. Ал жұлдызды жұп ретінде Беркут Аишамен 2010 жылдан бірге өнер көрсетіп жүр. Отандық әншінің репертуарында "Мекенім Қазақстан", "Туған жер", "Қарапайым қазағым" деген секілді патриоттық әндері бар. 

Сондай-ақ, Бүркіт пен Аишаның бірнеше клипі хитке айналғанын айтып өту керек: "Тәттімсің", "Тау-тау сезім", "Бәрі жақсы болады".

Дильназ Ахмадиева

Қазақстандық әнші Дильназ Ахмадиева 2002 жылы Юрмалада өткен "Новая волна" байқауында Қазақстанның атынан өнер көрсетіп, танымал болған еді. Әншінің "Может однажды", "Золотой, золотой" әндері хитке айналғанын айтып өту керек.

Бұдан бөлек, Дильназ Ахмадиева "Сиқырлы алма" музыкалық фильміне (1984 жылы), "Көшпенділер" фильміне (2003 жылы) түскен.

"Маған олардың өмірінде не болып жатқаны қызықты. Менің сыныптастарым, менің достарым! Осы суреттерден өзін танығандар үн қатыңыздар, барлық сыныптастарымның басын қосқым келеді... Рақмет № 8 мектепке, ескіні аңсау", - деп жазды әнші суреттің сипаттамасына.

Мөлдір Әуелбекова

Қазақстанның танымал әншісі, актрисасы әрі тележүргізушісі Мөлдір Әуелбекова да Instagram желісіндегі парақшасында сыныптастарымен түскен суретін жариялады.

Айта кетейік, Мөлдір Әуелбекова 2012 жылға дейін КешYou тобының құрамында өнер көрсеткен еді. Сондай-ақ, ол "Ғашық жүрек немесе жұлдызды коктейль" атты кинода басты рөлдің бірін сомдаған болатын.

Ал 2012 жылдың қаңтар айынан бастап Мөлдір жеке шығармашылықпен айналыса бастады. 

Сәкен Майғазиев

Отандық әнші, "МузАрт" тобының солисі Cәкен Майғазиев 2009 жылы "Екі жұлдыз" жобасында қатысып, бағдарламаның келесі маусымында жүргізуші болған еді. Сондай-ақ, ол Хабар арнасындағы "Жаңа күн" ақпараттық-сазды бағдарламасының жүргізушісі болды.


Суреттер жұлдыздардың әлеуметтік желідегі парақшаларынан алынды.

Аша Матай

Аша Матай лақап атымен танымал болған Ақбота Асқарбекова Алматы қаласында заңгерлер отбасында дүниеге келген. Қазақстандық тележүргізуші әрі актриса шығармашылық жолын 2008 жылы HitTV арнасынан бастаған.

Бұдан бөлек, Аша Матай "Біржан Сал", "Астана ғашықтар мекені", "Обратная сторона", "Ғашық ЖүреR" "Настоящий полковник" , "16 қыз" сияқты фильмдерге түскен.

Қазіргі уақытта Аша Матай "Қалаулым" бағдарламасын жүргізіп жүр.

Оқи отырыңыз:

Биыл оқу бітірген отандық жұлдыздар

Қазақстандық жұлдыздар қайда демалып жүр?

"Ұқсамасаң тумағыр". Өнер жұлдыздарынан аумай қалған балалары

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети